АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Алматыда «Саяхат» автобекеті маңында жабайы сауда жойылмай тұр

0_b3bc1_96628bf_XLЖабайы сауданың жұлдызы жанып тұр. Алматыдағы аты көпке мәлім «Саяхат» автобекетінің маңы заңсыз сауда жасайтындар үшін майшелпекке айналған. Тауары да өтімді, ай сайын ақы төлеудің де қажеті жоқ. Жетісу ауданы әкімдігінің мамандары оларды қанша қуса да, бәз бұрынғы орындарына қайта баратын көрінеді.

Алматыдағы аты көпке мәшһүр «Cаяхат» автобекетінің маңы тек біраз уақытқа ғана жабайы саудадан ада болады. Өйткені мамандар заңсыз саудагерлерді орындарынан қанша қуса да, олар үйреншікті мекенінен кетер емес. Түйткілді мәселенің түйінін шешу үшін Жетісу әкімдігіндегілер саудагерлерге базар ішінен заңды орын ұсынған. Тек сатушылардың онда барғысы жоқ. Өйткені орын ақылы көрінеді.

«Автовокзалдың орны — «Саяхаттың» орны. Біз ертең кешке дейін өзіміздің аппараттың адамдары, ішкі істер басқармасы, экологиялық полиция сол жерде жұмыс істейді. Өздеріңіз байқасыңыздар, сол жердің иелері де ештеңе салмай, ол жердің бәрі бос тұр»,- деді Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Талғат РАЗАҚОВ.

Адам сабылысқан бұл маңда сауданың көркі қыз-қыз қайнайды. Десе де, бүгінде мұнда сатушылардың бірі де қалмаған. Өйткені күнделікті рейд жүргізеді екен. Ал, заңсыз сауданың көркін қыздырғандарға 10 мың теңгеден айыппұл салынады.

«Осы уақытқа дейін табиғатты қорғау инспекциясымен бірлесе отырып, өнеркәсіп бөлімімен күнделікті бақылауда. Осы уақытқа дейін 125 хаттама толтырылды. Аудан бойынша 463 хаттама толтырып, жабайы саудамен күнделікті күресудеміз. Жабайы саудамен осында сатуға болмайтыны түсіндіріледі»,- деді Алматы қ. Жетісу ауданы кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Айбол ӨМІРБЕК.

Экологиялық инспекция мамандары оларға 5-тен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салады. Егер заңсыз қызметін ары қарай жалғастырса, айыппұлы екі еселенеді.

http://www.almaty.tv/