АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Алматыда «Жүректері нұрланған» адамдар бар!!!

3r2NCSRycyvzqjnD-lgАлғаш рет 2013 жылдың 20 сәуірінде Атырау қаласында төрт еріктінің шешімімен құрылып, өз жұмысын қайырымдылыққа бағыттаған «Жүректен Жүрекке» қоғамдық қорының осы уақытқа дейінгі атқарған істері баршылық.

Соның бірі Алматы қаласында жұмыс жасап жатқан «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қорының еріктілері. Қайырымдылық тобының еріктілері көбіне Алматы қаласының ЖОО-ң студенттері.

Осы топтың бір жыл ішінде жасаған қайырымдылық шараларына өзім куә болдым.Соның ең алғашқысы — 2015ж. қыркүйекте «Мектепке жол» акциясынан басталды. Үй-тұрмысы нашар отбасыларға мектеп құралдарын алып берді. Содан кейін ұмытпасам «Раббың үшін құрбан шал» акциясын өткізді. Қасиетті Құрбан айтта мал сойып, азық-түлікпен бірге жағдайлары нашар отбасыларына таратып шықты. Одан кейін Ғазиз атты сал ауруына шалдыққан балаға ұмытпасам 200 000тг көлемінде ақша жинап берді. Тағы да бір отбасына қаржылай көмек берілді Тараз қаласындағы. Осындай қаржылық көмектен басқа, Алматыдағы және облыстағы Балалар үйіне барып балаларды ойнату, көңілдерін көтеру, балалар үйін тазалап беру сияқты жұмыстар ЖЖ-лықтардың әдетіне айналған, тағы да Алла үйін — мешіттерді жинастырып беру арқылы — қыздардың, ұлдардың Алла разылығын алып қалам ба деген армандары!!! Қысқасы — бұл адамдардың «Жүректері нұрланған» деп ойлаймын мен. Ал Алла жақсы біледі. 

Егер де сіздер Жүректен Жүрекке Алматы қаласындағы еріктілер қатарына қосылып Алланың разылығы үшін мұқтаждарға қол ұшын бергілеріңіз келсе — біздің қатарға қосылыңыздар.

Ал, Бауырларым — сырқаттанып ешқашан ауырмағын. Алла осы жақсылықтарыңды Ақырет күні мың еселеп қайтарсын. 

Біздің қатарға кірем деушілерге: http://vk.com/zh_zh_almaty 87789900719 — Толқын, 87026426000-Алтынай, 87782454383-Шолпан

http://islam.kz/