Бүгін Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында ауған соғысы ардагерлері ұйымының ондаған өкілі Адольф Гитлер туралы қарама-қайшы материалдар басқан «Жұлдыздар отбасы — Аңыз адам» журналына наразылық акциясын өткізді.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандар журналдың Гитлерге нөмір арнауын айыптап, «Фашизмнің қайта тірілуіне жол жоқ!» деген ұран ұстап шыққан. Белсенділер журналдың Гитлерге арналған нөмірін өртеп, басылым редакторын «жауапқа тарту» туралы талаптар айтқан.
Акция өтіп жатқан кезде журналда фашизмді қолдайтын емеурін жоғын айтпақ болған бір адамды «фашизмге қарсы» белсенділер сөйлетпеуге тырысты. Әлгі адамды «кім екенін анықтау үшін» полиция өкілдері ұстап әкеткен.
Қазақ тілінде шығатын, 25 мың данамен тарайтын «Жұлдыздар отбасы — Аңыз адам» журналы сәуір айындағы санын нацистер көсемі Адольф Гитлер туралы қарама-қайшы мақалалар жариялап дауға қалған еді.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140421/330/330.html?id=25356390