АЛМАТЫ. 30 қазан. Қала әкімі Бауыржан Байбек соңғы кезде жол апатын жиілеткен трамвай депосында болып, кәсіпорын ұжымымен кездесті. Әкім ең алдымен депо басшыларынан қоғамдық көлік қатынасының жұмысын дұрыс жолға қою жағын қатаң қадағалуды талап етті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Қала әкімі Алматының трамвай депосы бүгінгі ахуалымен қызмет істеуге тиісті емес екенін атап көрсетті. Өйткені, жыл басынан бері Алматы трамвайлары маршрут үстінде 43 рет рельс төселген негізігі жолдан шығып кеткен.
Қазір трамвай депосы ең алдымен трамвай жүргізушілерді тәжірибесі мен біліктілігіне қарай іріктей бастады. Енді Алматы трамвайы қала әкімі жүктеген тапсырмалар мен міндеттерді орындағанан кейін ғана жолға шығады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.