АЛТЫНОРДА
Новости

Америка ормандарынан айырылуы мүмкін

3ddd6f43ad15ff14b96c7422ba2aef8cАҚШ-та бір мезгілде 51 орманда ірі өрт шықты. Апатпен күресуге 20 мыңға жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Бұл туралы «Интер­факс» агенттігі хабарлай­ды. Мамандарға алдымен Калифорнияның Туоломни округіндегі Йосемити ұлттық саябағында өрт шыққаны жайлы хабар келіп түскен. Тілсіз жау 65 шаршы метрге жайылып, аймақтағы 2,5 мыңнан астам ғимарат пен жазғы кемпингке қауіп төндіріп тұр. Қазір өңірде төтенше жағдай жарияланды. Осы өртпен бір мезгілде Аляска, Аризона, Айдахо, Монтана, Невада, Орегон, Юта, Вашингтон, Вайоминг штаттарында да ормандардың жанып жатқаны белгілі болды. Жылдың басынан бері Америка ормандарында 32 мыңнан астам өрт болып, 13,8 мың шаршы метр алқап күлге айналған.

http://alashainasy.kz/world/45301/