АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Арман да алдайды

13368Алаяқтар талдықорғандықтарға шетелде жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 9 млн теңгеге алдап соқты.

Талдықорғанда прокуратура алаяқтардың жолын кесті.
Алматы облыстық прокуратурасының қылмыстық сот алдындағы үдерісінің заңдылығын бақылау бойынша басқарма бастығы Ермек Жақсыбаев хабарлағандай, тексеру кезінде екі дос 2015 жылдың наурызында Талдықорғанның әділет басқармасында және Алматы облысының әділет департаментінде «PROTEHNOLOGY-2030» ЖШС-ні тіркегені белгілі болды. «Алаяқтар серіктестігі азаматтарды Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналастырмақшы болған. Алайда оларда адамдарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болмаған. Бұған қарамастан, 44 талдықорғандықты оларға жалпы алғанда 8 880 000 теңге төлеуге көндірді», — деді Е.Жақсыбаев.
Алаяқтар ұсталды, қылмыстық іс қозғалды.

Айқын-ақпарат