АЛТЫНОРДА
Новости

Арманжан Байтасов: Елімізде ақпараттық соғыс бола қалған күнде де, біз ол майданда сөзсіз жеңілер едік

Арманжан БайтасовМеніңше, Қазақстан бүгінде ақпараттық соғыс жағдайында емес. Бірақ елімізде ақпараттық соғыс бола қалған күнде де, біз ол майданда сөзсіз жеңілер едік, — деп Байтасов мырза өз ойымен бөлсті.

— Ресейлік БАҚ-тың біздің ақпараттың алаңымызға белсенді қадам басқанын көргенде Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі жайлы еріксіз ойланасың. Байтасовтың ойынша, Украинадағы оқиғалар шетелдік БАҚ-тың қазақстандықтарға деген ықпалын арттырып жіберді.

— Өкінішке қарай, қазақстандық БАҚ-тың рейтингісі төмен екендігі білініп қалды. Халықтың басым бөлігі ресейлік шоу-бағдарламаларды тамашалайды. Негізгі қауіп те осында, өйткені біз өзіміздің ақпараттық кеңістігімізді өзге мемлекетке бере салдық. Бұл өте дұрыс емес. Соған қарамастан, біздің мемлекетіміз мемлекеттік арналарға жыл сайын 200 миллион доллар қаржы жұмсайды екен.

Бұл өте қомақты сома! Салыстыру үшін айта кетейін – бүкіл телевизиялық жарнама нарығының құны осынша, — деді Арманжан Байтасов. — Осыдан кейін еріксіз түрлі сауалдарға жауап іздейсің: біз сол қаржыны қаншалықты ұтымды игеріп жатырмыз? Біз салық төлеуші ретінде мына жайларды сұрауға құқылымыз – медиаменеджерлер ақшаны қаншалықты тиімді жұмсауда және оның өтеуі не болмақ? Өзімнің пайымдауымша, оның өтеуі өте мардымсыз болды.

Бұл мәселені шешудің мынадай жолдары бар. Бірінші кезекте мен барлық мемлекеттік БАҚ-ты қаржыландыру мәселесін мұқият қайта қарастырар едім. Және басы артық қаржыны түгелімен ақпарат құралының өз контентін жасауға жұмсаймын. Екіншіден, мемлекеттік БАҚ қаржылық қолдауды мемлекеттік бюджеттен алып отырған соң жеке ақпарат құралдарының жұмысына кедергі келтірмегені абзал. Олардың жарнама алаңында бір-бірімен бәсекелесіп жатқаны жөн емес. Жарнама алаңы жеке сектордың еншісіне қалдырылсын.

Ал, бұл ұсыныстарды іске асыру мүмкіндігі және оны іске асыруға оның өзі қадам жасауға әзір ме деген сауалға Байтасов мырза «Бұл менің байқағандарым ғана. Біздің елде қандай да бір қадамдар жасау қауіпті» деп әзілмен жауап қатты.

— Әзілді қоя тұрып, нақты айтқанда жарнама нарығын реттеу қиын емес. Ол үшін заң шығарудың қажеті жоқ, бар болғаны бір қаулы жетіп жатыр, — деген болжамын жеткізді ол. Арманжан Байтасовтың атап өтуінше, Қазақстанның әрқашан либерал ел болған, сондықтан ресейлік БАҚ-тың біздің ақпараттық алаңымызға келіп кіруіне ешқашан қандай да бір шектеулер қоймаған. Соған қарамастан мәселен «Бірінші арна» Қазақстан аумағында хабар тарата отырып, эфирдің кем дегенде 50 пайызын қазақ тіліне арнау туралы заңын орындамайды, ал ретрансляция туралы заңды тіпті қаперіне алған емес.

— Барлығына бірдей талап қою керек, дегенмен шетелдік БАҚ-ты біздің ақпараттық алаңға деген қолжетімжілігін шектеу дұрыс деп ойламаймын, — дейді Арманжан Байтасов. Ақпараттық қауіпсіздікті Байтасовтың өзіне тиесілі сапалы контенті де қамтамасыз ете алады.

— Біздің билік 20 жыл бойы ел ішінде ақпараттық соғыстың өршіп кетпеуін қатаң қадағалап, БАҚ-ты шектеу шаралары арқылы реттеп келді. Нәтижесінде ол сыртқы соғыстарға мүлде дайын емес болып шықты. Енді билікке біздің ақпараттық алаңға апаратын жолдың бәрін «жабудан» басқа амалы жоқ, — дейді саясаттанушы Марат Шибұтов. — Ал, бәріне қатаң түрде шектеу қою Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін нығайта түспесі анық.

Өз кезегінде «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев Қазақстанның ақпараттық алаңында ресейлік БАҚ-қа басымдық беріліп отыр деген оймен келіспейді.

— Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда өзбек БАҚ-тарына ерекше орын берілгенін көзім көрді. Тіпті ондағы балалар Ислам Каримовты өз Президенті деп санайды, — дейді Чеботарев мырза.

— Біздің мемлекет ақпараттық қауіпсіздікті қадағалайды, дегенмен ол шетелдік БАҚ-қа емес, оппозициялық БАҚ-қа көбірек қатысты. Тіпті саяси партиялардың өзі өз бағдарламаларында БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін артыру, медианарықты либералды ортаға айналдырудың қажеттігі туралы атап өтекенімен, ақпараттық қауіпсіздікті қарастырмайды.

Өзекті мәселе екендігі баршаға аян, бірақ неге екенін кім білсін, күн тәртібінен түсіп қала береді.

Медианың ықпалы жайлы тәуекелдерді бағалау Тобының директоры Досым Сәтпаев тереңірек түсінік берді. Оның айтуынша, халықаралық ақпараттық кеңістікте батыстың ықпалы зор, аймақтық деңгейде, негізінен посткеңестік кеңістікте ресейлік БАҚ-тың сөзі үстем. Ал, Қазақстанда – ресми БАҚ-тан гөрі өсекке сенушілік басым (слухократия).

Ақпараттық қауіпсіздік қоғамның билікке деген сенімі мен биліктен қоғамға тарайтын ақпаратқа тікелей қатысты. Осыған дейінгі тәжірибе көрсеткендей, қоғамның ондағы процесстерге деген адекватсыз көзқарасы, («Шаңырақ» пен Жаңаөзендегі оқиғалар кезінде) биліктің беделіне мықтап нұқсан келтірді.

Соңғы девальвация, одан кейінгі банктер айналасындағы айғай-шу біздің ақпараттық алаңды Ұлттық банк те, Үкімет те емес, БҚА — «бір қатынның айтуынша» үрдісі билейтінін көрсетіп берді. Міне осы БҚА – бүгінде ақпараттық алаңдағы басты медиалық ойыншы, — дейді сенімділікпен Досым Сәтпаев.

— Субаймақтық деңгейде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін – ресейлік БАҚ-пен бәсекеге түсе алатын журналистердің кәсіби біліктілігі мен контенттің сапасы. Демек, қазақстандық медиаалаңның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қазақстандық ақпарат құралдарының мәртебесіне қарамастан, барлығына бірдей үлкен қолдау көрсету керек.

Дегенмен, мұнда басқа бір сауалдың басы қылтияды: ресейлік медиаалаңмен және оның орасан мол бюджетімен қалай бәсекеге түсеміз? Мұнда біз басымдықты басқа бір алаңға беруіміз керек, ол – қазақтілді БАҚ. Қазақтілді аудиторияны ұлғайту – қалыпты демократиялық тренд.

Бұл үшін қазақтілді контентті, қазақтілді БАҚ-ты белсенді түрде қолдауымыз керек, — деп санайды Досым Сәтпаев. — Мұнда ресейлік ақпарат айдынының ықпалын тыйым салу, шектеу сияқты мәжбүрлеу шараларымен емес, кәдімгі табиғи жолмен азайта аламыз. Мәселен, «Аңыз адам» журналы оқырманға әсер ету жағынан «Хабардан» алда тұрмаса, кейін қалған жоқ.

Бұл ұсыныстардың барлығын PRшы клубының мүшесі, Plankion PR креативті директоры Ерлан Асқарбеков те қолдап отыр. Естеріңізде болса, Ерлан мырза өзінің Фейсбуктегі парақшасында ресейлік БАҚ-тың біздің медианарыққа деген қолжетімділігін шектеу жайлы мәлімдеме жасаған болатын.

Мен әлі сол тыйым салу жөніндегі ойымнан қайқан жоқпын. Ресейлік арналар кабелтьді ТВ-дан қосыла берсін, оны көргісі келетіндер ресейлік пакетті сатып алып тамашалауына болады, — деп Асқарбеков мырза өз ұстанымын жеткізді.

Клуб мәжілісінің резюмесінде соңғы онжылдықта елдегі оппозициялық БАҚ жоғалып, қалып қойғандарының өзі билікпен ынтымақтастық қарым-қатынаста екендігі атап көрсетіліпті. Проблемалық маңызды тақырыптардың отандық телеарналар мен басылымдардың күн тәртібінен түсіп қалғаны қынжылтады.

Ол сырт көзге білінбей қалған жоқ, өйткені Freedom House халықаралық құқыққорғау ұйымының 2013 жылғы сөз бостандығы төмен елдерінің тізімінде Қазақстан 175-ші орыннан 182-ші орынға түсіп қалды. Рейтинг 197 елдің арасында жүргізіліп отырғанын ескерсек, Қазақстан бұл рейтінгтің соңында Сауд Арабиясы, Сомали, Палестина және Лаос сияқты елдермен қатар тұр.

Ақпарат және байланыс министрлігінің 2011 жылғы мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде 2 740 БАҚ бар екен, оның 84 пайызы – мемлекеттік емес.

Мемлекеттің БАҚ қажеттіліктеріне деп мемлекеттік тапрысыс негізінде бөліп отырған қаржысының көлемі – 25 млрд теңге.

Forbes.kz сайтынан аударған Ult.kz

Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/armanjan-baytasov-elmzde-akparattyik-sogyis-bola-kalgan-kunde-de-bz-ol-maydanda-56060/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі