Врангель аралында орын алған оқиға жұртшылықты дүрліктіріп, наразылықтарын тудырды. Мұнда аспазшы ақ аюдың тамағына жарылғыш зат салып жіберіп, салдарынан жыртқыш аң қатты қиналып өлген.
Жануар қауіпті азықты жеп қойған соң, ауыр жараланған.
Аюға жарылғыш затты полярлық стансаның аспазы салып жіберді. Жергілікті тұрғындардың бірінің айтуынша, аспаз аюға бұрыннан бері тамақ беріп жүрген. Сондай-ақ адамдарға тамақтану үшін мұнда енесімен бірге қонжықтың да келіп жүргені белгілі. Бұл қатігездік жұртшылықтың қатты ашу-ызасын тудырды, деп жазады vzvezda.ru.
http://www.inform.kz/