АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Астана күні сауда үйлерінде мерекелік жеңілдіктер болады

tW3ZHeKic68 (2)Елорда күніне орай қалалық сауда желілерінде мерекелік акциялар өтеді. Атап айтқанда, «5 минут» супермаркетінде 1-19 шілде аралығында өтетін жеңілдіктер акциясын насихаттауға бағытталған кітапшалар таратылады. Бұл туралы astanaday.kz сайтында хабарланды.

Күн сайын сағат 20:00 бастап аспаздық тағамдарға 30% жеңілдік жасалады, сонымен қатар, 6 шілдеде Тұран, 24, Жангелдин, 31А, Рысқұлбеков, 4 мекен-жайлары бойынша орналасқан дүкендерде тәтті тағамдардан дәм татуға болады.

Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, «Анвар» супермаркеттер желісінің барлық дүкендерінде жеңілдіктер 17-50% құрайды.

«АқОрда Capital» ЖШС мерекеге орай азық-түліктерге (сүт өнімі — 7-15%, «Ассам» шайы — 7%, жұмыртқа – 10%, құс еті — 10%, тәттілер — 30%, сусындар — 20%) 30% дейін жеңілдіктер жасалады.

Ал, елордалық «Green» сауда желісі 1-7 шілде аралығында «Мастер», «Аружан» және «Хан Шатыр» сауда орталықтарында өз тауарларын 17% жеңілдікпен сатады және шілденің 6 күні сауда орталықтарына келушілерге ерекше ілтипат бөлінбек. Әр сатып алушыға, балаларға тәтті тағамдар ұсынылады.

«Астықжан» сауда орталығы Елорда күні аясында тұрғындарға SMS хабарлама жіберіп, 50% жеңілдіктер туралы хабарлайтын болады. 1-6 шілде аралығында «Астықжан» дүкендерінде әлеуметтік маңызды тауарларға жеңілдіктер қарастырылған.

Сонымен қатар, «Smаll», «А2», «Магнум Кэшен энд Кэри», «Астана мир вкуса» сауда желілерінде де айтарлықтай жеңілдіктер болады.]

Айзере САМАРҚАН, aynaline.kz