Астана экономикалық форумы бүгінде әлемдік қоғамдастық өкілдері үшін жаһандық диалог алаңына айналды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың VI Астана экономикалық форум қатысушыларына арнаған сөзінде айтылды. Форумға әлемнің 120 елінен 9000-нан астам адам қатысуда. Осы халықаралық басқосу аясында «Мемлекеттік қызметті модернизациялау: тұрақты даму мақсатында тиімділікті арттыру»жаһандық конференциясы өтті.
Мемлекеттік қызмет дамуындағы жаңа кезеңді белгілеген Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 стратегиялық бағдарламасы аясында Қазақстанға алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибемен алмасу аса маңызды екенін атап өтті, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов. Ол өз кезегінде Қазақстан дүниежүзі сарапшыларының жоғары бағасына ие болған озық тәжірибесімен бөлісуге даяр екендігін мәлімдеді.Сонымен бірге жиында Еуропа Одағының елшісі Аурелия Бушез, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Стивен Тулл жылы лебіздерін білдірді. Жаһандық конференцияға АҚШ, Германия, Ресей, Сингапур, Түркия, Бельгия және тағы басқа елдердің сарапшылары мен мемлекеттік қызмет саласындағы ресми өкілдер қатысты. Айта кету керек, сарапшылардың бір бөлігі мемлекеттік қызмет саласындағы қазақстандық моделді жоғары бағаласа, енді бір бөлігі осы бағыттағы соңғы жаңалықтарды өз елдеріне енгізуге ықылас танытып отыр. Иракли КОТЕТИШВИЛИ, Грузия мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі Бюро директоры: Ахмад МОШАХЕД, Ауғанстанның әкімшілік реформа және мемлекеттік қызмет тәуелсіз комиссиясының төрағасы: Александр ТУРЧИНОВ, Ресей Федерациясы Президен-тінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік қызмет және персоналды басқару институты директоры: Аймақтағы көшбасшы ел Стефан КОНДРИ, АҚШ Жалақы бойынша федералдық кеңесінің төрағасы: Анни ДЕМИРЖАН, Мемлекеттік басқару саласындағы демократиялық практика жетекшісі, БҰҰ ДБ Братиславадағы Еуропа және ТМД өңірлік орталығы: Тақырыпқа орай: Дайындаған: |