АЛТЫНОРДА
Новости

Астанада 29 мың балаға алимент төленбеген

aliment_toleu_0Астана қаласында алимент төлемей жүрген әкелердің саны былтырығымен салыстырғанда күрт артқан. Соңғы 6 айдағы көрсеткіш бойынша алимет төлемеген 18 мың борышкерге іс қозғалған.

Бүгінде қала бойынша 29 мың балаға 303 млн теңге көлемінде алимент төленбеген. Алименттің төленбеуіне басты себеп — тұрақты жұмыстың жоқтығы. Астана қаласының 4-ші басқарма прокуроры, Азамат Күренкей: « Астана қаласы бойынша алимент төлемей жүрген әкелердің басым көпшілігінің тұрғылықты мекен-жайы жоқ болып шықты. Көп жағдайда борышкерлер тұрғылықты мекен-жайы өзге өңірлерде болса да, Астана қаласында жалдамалы жұмыс істеп отыр. Астана қаласы прокуратурасы аталған мәсекле бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Мысалы, екі жыл қатарынан «Бүркіт» автоматтандырылған қызмет жүйесі арқылы алимент төлеуден жалтарған тұлғалар республика аумағынан тысқары шығуына тиым салынған», — дейді.

Елордада жалдамалы жұмыспен айналысатын борышкерлердің басым көпшілігі негізінде еліміздің өзге өңірлерінде тіркеуде. Бүгінде тұрақты жұмыс орны жоқ борышкерлер саны 8 мың адамды құрап отыр. Мемлекет заң аясында боршын өтеуден бас тартқан әкелерді құқықтық жауапкершілікке тарту, мүлкін тәркілеу, тіпті, басбостандығынан айыру турасында шешім қабылдап, тәртіпті қатаңдатқан болатын. Әзірше Астана қаласы бойынша басбостандығынан айырылғандар тіркелмеген.

Еркежан Жұматаева

http://turkystan.kz/