АЛТЫНОРДА
Новости

Астанада кондитерлік өнімдердің фестивалі өтті (ФОТО)

Астана. 4 шілде. BAQ.KZ – Бүгін елордадағы Конгресс хол сарайында кондитерлік өнімдер өндіретін 20-ға жауық кәсіпорынның қатысуымен фестиваль өтті,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Фестиваль елордада кондитерлік өнер дәрежесін арттыруға, кәсіби шеберлікті дәріптеу мақсатында былтырдан бері өткізіліп келеді. сондай-ақ, бұнда аспаздар өздерінің тәтті туындылары мен таңдаулы тағамдарын кең ауқымда таныстыруға және тәттіқұмар жандарға дәмді мерекені бастан өткеруге таптырмас мүмкіндік береді. Қаламыздағы белгілі 20-ға жауық тәтті тағамдар өндіретін кәсіпорындар өз өнімдерін Астана күніне тарту етіп отыр»,- дейді Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілі Жанар Бескемпірова.
Фестиваль қатысушылары Астана тұрғындары мен қонақтарына «Астана — сүйікті қалам!» атты ең басты аталымда сан түрлі торттар ұсынды. Сондай-ақ, компаниялар арасында екі номинация бойынша үздіктер анықталды. «Үздік мереке торты» номинациясын «Мишель» азық-түлік кәсіпорны жеңіп алса, астаналықтарға танымал «Апрель» «Үздік мерекелік безендірудің» иесі атанды.


Майгүл СҰЛТАН,

http://baq.kz/kk/news/49628