АЛТЫНОРДА
Новости Караганды

«Ахметов ісімен» сотталушы «кінәлі» екенін мәлімдеді

скачанные файлыЭкс-премьер Серік Ахметов пен Қарағандыдағы бұрынғы шенеуніктердің ісі бойынша сотталушылардың бірі, «ҚазАгроФинанс» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Ғұмар Рақымжанов «кінәсін мойындайтынын» мәлімдеді. Қарағандыда өтіп жатқан сотта ол өзіне тағылған айыптармен толық келісетінін айтты. Рақымжановқа қылмыстық кодекстің «қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану» бабы бойынша айып тағылған. Ол кепілмен бостандыққа шығарылған.

Қазір сот істің соңғы, жетінші эпизодын қарап жатыр. Айыптаушы жақ экс-премьер Ахметов «жылыжай кешендерін біріктіретін өзі құрған компания арқылы мемлекеттен жымқырылған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған» дейді.

Сотталушы Ахметов істің басқа эпизоды сияқты бұл эпизодқа қатысты айыпты да жоққа шығарады.

Серік Ахметов пен Қарағанды облысы мен қаласындағы бұрынғы шенеуніктердің ісі бойынша сот процесі тамыз айында басталған. Сотта барлығы 21 адамға «қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланған, «бюджет қаржысын жымқырған» және «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан» деген айыптар тағылып отыр. Бұларға қоса, Серік Ахметов «аса ірі көлемде пара алған» деген күдікке ілінген. Сот тыңдауы барысында сотталушылардың кейбіреулері тергеу кезінде өздеріне қысым жасалғаны туралы мәлімдеп, кейбірі бұған дейінгі берген куәліктерінен бас тартқан.

http://www.azattyq.org/