АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қайыржан ТӨРЕЖАН.ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

3Алғашқы әскери дайындық бағдарламасының түлектері әскери-патриоттық тәрбиелеуге оқып-үйренуде, әскери-кәсіби және спорттық дайындықтан өтуде. Олар әртүрлі әскери мамандықтарға бағытталған пәндерді оқып, тактикалық сабақтар мен әдістемелерді меңгеріп қана қоймай, елін қорғауға дайын нағыз азамат ретінде әскери ант береді.

Академик Е.А.Бүкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы бірінші курсының 115 студенті салтанатты түрде әскери ант қабылдады.  Бұл әскери кафедра 1996 жылдан бастап «алғашқы әскери және дене даярлығының оқытушысы» квалификациясын беретін, «бастапқы әскери және дене даярлығы» мамандығы бойынша студенттерді дайындайды. 

Жас түлектердің ант беру рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Алаңға сап түзеген «Жас сұңқар» әскери-спорттық клубының қатысушылары мұнда жиналған  қонақтарға сапқа тізіліп қарумен жүру әдістерін көрсетті, ал бастапқы әскери дайындық кафедрасы студенттері әскери-патриоттық әндер орындады. Дәл осы күні Қарағанды қаласындағы №58 орта білім беру мектебіндегі  эксперименталдық  бес с1ыныптың 58 оқушысы кадеттердің антын қабылдады.  Арнайы шақырылған қарулы күштердің ардагерлері, құрметті қала тұрғындарының алдында кадеттер салтанатты түрде ант берді. Мерекеге жиналған қонақтардың көптеген тілек-лебіздері мен тәлімдемелерінен кейін оқушылар барша қауымды вальспен қуантты.

22013 жылдан бастап бұл мектепте ұлдар мен жеке қыз балаларға арналған кадеттік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын эксперименталдық сыныптар ашылған. Әскерге шақырылуға дейінгі жастардың қатысуымен іс-шараларды өткізуді Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті соңғы жылдары дәстүрге айналдырған. Бұл Департаменттің ұйымдастырушылық қызметі – негізгі күш-жігерді жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жандандыруға, Қазақстан Республикасы қорғаушысының оң имиджін қалыптастыруға, әскери кәсіптің беделін нығайтуға және отанымызды қорғау үшін құрылған әскери қызметтің абыройын асқақтатуға бағытталған.