АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Аяз ата» халыққа оқ атады

Жаңажылдың белгілерінің бірі әрі негізгісі болып бара жатқан от шашулерды (пиротехникалық жарылғыз заттар) қазірде «Аяз атаның халыққа ататын мылтығы» деп атап жүр. Бұл шынында солай.

Осыған байланысты кеше облыстық ТЖД мамандары БАҚ өкілдерімен кездесу жасап, мұның түбегейлі адам өміріне орасан қауіп екенін мәлімдеп, осы отшашулардан әр жыл сайын зардап шеккендерді мысалға келтірді.

Мұны қатаң бақылауға алған Ресей қазір мұндай жарылғыш заттарды сатуға және атуға мүлде тыйым салған. Себебі оларға адам өмірі мен денсаулығы қымбат.

Ал бізде жабайы базар тұрмақ орталық базарлардың төрінде емін еркін сатып тұр. ТЖД мамандары ІІД мамандарымен бірлесіп, заңсыз саудада тұрған жарылғыш азттарды тәркілеу мақсатында жасалған жеті тексеруде ештеңе анықтай алмаған. Яғни, рейд келе жатыр дегеннен жалған зат сатушылар тауарын тығып үлгереді екен. Ал, базар іші-сыртындағы бейне бақылаудан анықтап ұстауға олардың құзіреті жүрмей тұр. Себебі кәсіпкерді қыспаққа алуға қазірде жол жоқ. Бұл Елбасының жеке назарындағы іс дейді олар. Дұрыс, жеке кәсіпкерді мазаламасын, алайда адам өмірінен артық ештеңе жоқ қой. Жаныңа батқан дертті кетіру үшін дәрігердің ине салғаны тәрізді емес пе бұл.

Сәкен Алдашбаев

Masa.kz