АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері өз жұмыс орындарын сақтайды

b0975a23b15d7c6dbd85cc6f11be894cХалыққа қызмет көрсету орталығының базасында қайта құрылатын «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы — жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері бойынша салада қызмет көрсететін  төрт негізгі РМК-ны біріктіреді. Бұл ретте, жаңа компанияның өндірістік қызметкерлерін қысқарту жоспарланып отырған жоқ.

 

 
      38f17ab3a60836364dcca71829507d2a_XL   ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, мемлекеттік корпорацияны құру нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы бүгінде көрсетіліп отырған 191 қызметті қоса алғанда, біріктірілген кәсіпорындардың 522 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілетін болады.

 

       «Корпорация  алдында жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері саласындағы жаңа қызметтер көрсету процесстерін барынша оңтайландыру және автоматтандыру міндеті тұр. Бізге көп жұмыстар атқару керек, ХҚКО қызметкерлеріне артылатын жүк барынша өскелі тұр, сондықтан  өндірістік қызметкерлерді қысқарту туралы сөз болуы мүмкін емес», —  деп атап өтті Сәкен  Сәрсенов.

 

Естеріңізге сала кетйік, сейсенбі күні ҚР  Парламентінің Мәжілісінде Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынған болатын. Ол  «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», » Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының  заңды және жеке тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша  мемлекеттік қызметтер көрсету функцияларын «ХҚКО» РМК базасында құрылатын мемлекеттік корпорацияға беруді көздейді.

 

ҚР ИДМ  БААК баспасөз қызметі

Тел.: 74-03-43