АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болады

b226dcbc7769b68465bed2aac5b5a4db3d6d89efКорпорация «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы», «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» РМҚК-ның қайта ұйымдастырылу жолымен құрылатын болады. Корпорацияны құруға жауапты уәкілетті орган                       ҚР Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – ҚР ИДМ) болып айқындалды.

Мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» үкіметтің қаулысына 2016 жылғы  29 қаңтарда қол қойылды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ИДМ заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті іс-шаралар жүргізуді және корпорацияны құру рәсімдерін бастайды.

Мүдделі уәкілетті органдар корпорацияның қызметін және мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін регламенттейтін 140 астам заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актіні әзірледі және олар мемлекеттік тіркеуден өтуде.

Біріктірілетін кәсіпорындардың барлық қызметкерлері өз жұмыс орындарын сақтап қалады. Корпорация көрсететін қызметтер санының артуына байланысты қазіргі уақытта корпорацияның құрамына кірген барлық кәсіпорындардың фронт-офистері қызметкерлерін оқыту жүргізілуде.

Сол сияқты, министрлік ішкі құжаттаманы, корпорацияның даму жоспарларын әзірлеуді, инфрақұрылымды талдау мен оңтайландыруды, түгендеуді қамтитын ұйымдастырушылық жұмыстар мен басқа да іс-шаралар жүргізуде.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес корпорацияны құру жөніндегі барлық рәсімдер аяқталғанша дейін  «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы»,  «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» РМҚК өз қызметтерін бұрынғы режимде көрсететін болады.

 

ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметі

Тел.: 74-03-43