АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

БАЛА ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

b805c09c83b9be5a2fe45f3ac70b1669Айналдырған бір-екі жыл ішінде ғана оқушылардың агрессиясы мөлшерінен асып бара жатқандығы анық байқалып келеді. Бір-бірін қорлау, одан қалса соғу, тіпті өлтіруге дейін баруда. Ендеше дегеніміздің дәйегі болсын, бірқатар мысалдар жаза отырайық.

            Бір деңіз, Қарағандыда орын алған 9 жастағы қыздың өлімі. 2013 жылдың маусымында болған  оқиғаны естімегендер кемде-кем. Барлығымыз жағамызды  ұстадық. Өзі шамалас оқушы қыздар тұншықтырып өлтірген. Балалардың айтуы бойынша, қыздың мәйіті су қоймасының жанынан табылған. Анықталғанындай, 2 маусым күні төрт қыз пикникке шыққан. Балалардың айтуынша, олар ұрланған қуыршақ үшін төбелесіп қалған. Оқушылардың бірі басқа қыздардың көзінше мерт болған қызды тұншықтырып өлтірген. Сосын барлығы мәйітті судың жанына тастап, өздері үйлеріне тарасқан.  Ешқайсысы 14 жасқа толмаған. Демек еш жазаға да тартылмайды.

            Екі деңіз,  арасына бір жыл салмай Астана қаласында да дәл осындай оқиға орын алған. №76 орта мектептегі оқу процесі кезінде сыныптастар арасында ұрыс шығып, сол кезде оқушылардың бірі екіншісінің кеуде тұсына қалам сұғып алған. Көкірек қуысына салынған жарақаттың салдарынан 8-сынып оқушысы оқиға орнында қайтыс болған. Артынша қылмысқа барған оқушының психикалық ауытқуы болғаны белгілі болды.

            Үш деңіз,  Қарағанды облысының  түрік лицейіндегі төбелес. Көк-ала қойдай болып сабалған оқушылардың ата-аналары көтерген шу барлық жерде талан-тараж талқыға түскен-ді. Артынша барлығы кешірім сұрасып тынды.

            Бұл секілді оқиғалар жетіп артылады. Тақырыптың қозғалуына түрткі болып отырғаны мына мәселе. Алматыда оқушы қыз сыныптастарын сабап, ауруханадан бір-ақ шығарған. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Нұр.кз»-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

            Агрессиясын тыя алмаған қыз мектепке бір жыл бұрын ауысып келген екен. Оқушылармен тіл табыса алмаған. Оқиға болар алдында ол сыныптасын шашын қимағаны үшін бір тепкен. Ұл бала намыстанып балағаттай салады. Артынша қыз бала оны соққыға жығып, басынан сөмкемен төпшетеп тастаған. Арашаламақ болған сыныптас қыздың да жағдайы мәз емес. Оның да шашын жұлып,  оңдырмай сабаған. Қазір екеуі де ауруханада. Ата-аналар арыз жазып әлек. Бірақ оқушы басқа мектепке әзір ауыстырылмайды. Мұның барлығы, біздің балалар қылмысы мен агрессиясына дайын емес екенімізді  білдіреді.

            Ендігі кезек біз мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы мамандарға баруды жөн санадық. Нәтижесінде балалардың мұншалық агрессияға баруына не себеп екенін білу үшін психолог маманнан кеңес сұрадық.

            Ермек Нұрымов, психолог:

            Тәрбие отбасынан басталады. «Ұя да не көрсең, ұшқанда соны ілесің»,- деп бабаларымыз бекер айтпаған ғой. Соның бірі мектептерімізде психолог маманына ақыл-кеңес сұрау үшін ең көп жүгінетін мәселелерінің бірі ол – «Агрессия». Агрессияның анықамасына тоқтала кетсем.

            Агрессия (латынның «agressio» – тиісу, ұстама деген сөзінен) шыққан. Қоғамдағы адамдардың өмір сүру нормасы мен ережелеріне қарама — қарсы бағытталған объектіге қатерін тигізіп, тиісу (жанды және жансыз нәрселерге), адамдарға дене зорлығын тидіруші (жағымсыз күйзеліс, іштей қысым, қорқыныш, басқындық жәнет. б.) мотивацияланған деструктивті мінез — құлық.

            Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым — қатынастар, қорқытып — үркітуден пайда болады. Адамның түскен ортасының ерекшелігі агрессиялық әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы ауыр, темекенің иісі бар бөлмедегі агрессиялық әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады. Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін — өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді. Жеке тұлғалардың ішінде ең агрессивті болып келетіндерге мыналар жатады: қызғаншақ, көре алмайтын, шыдамсыз т. с. с. болып келеді.

Біз агрессияны «неврозбен» шатастырып алмаумыз керек. Себебі жоғарыда айтып кеткендей, ол қалыптасқан мінез құлықтың көрінісі. Ал, егер ол жиі агрессивке ұшыраса, арты  стресске апарады, соңы неврозбен аяқталады. Бұндай кезде адамның физиологиялық және психологиялық өзгерістерге ұшырайды.  Бұған басты себеп отбасы. Жоғарыдағы келтіріп өткендей қосымша айтсақ, әке-шешенің орнын аусытыруы,  жалғыз басты ана немесе әке, ата әжесінде өте ерккіндікте өскен, қараусыз қалған бала, балалардың арасын бөлуі т.с.с көптеген мысалдар агрессивке жетелейді.

            Ал баланың психологиясы неден бұзылады? Ол қалыптасқан темперамент. Әр адамда туа біткен яғни қанмен әкеден балаға немесе шешеден балаға тарайтын мінез құлыққа байланысты.

             Баланың  бойныда бар мінезді қалыптастыру үшін, қоғамда өз орнын табу үшін мынадай психологиялық кеңестер:

—           Ата – ананың  бір-бірімен қарым-қатнасы, себебі бала сорғыш (губка) секілді. Үйдегі барлық жүріс-тұрыстан бастап ішкен ас пен сөйлеген сөзден аяқталады.

—           Мектепте және қоғамда кіммен араласады, достары кім? Осы секілді жайлардан ақпаратта болу.

—           Интернет жілісінде қандай сайттарда не қолданады және қанша уақыт отырады осыны ескеру.

—           Тәрбиелік мәнге көңіл бөлу, сонымен қатар, интеллектуалды білім беру.

Осы сияқты мәселелердің алдын алса, қоғам да мектепте және отбасымыз да өз орнын тауып бақытты ғұмыр кешетініне кәміл сенім беремін.

            P.S. Арнайы маманның айтқан кеңесі осы. Демек, баланың агрессиядан  шығуы тікелей ата-ананың назарынан туындайды. Тәрбие бесіктен басталады деген бар. Қаршадай ғана баланың  балауса сәтнінен қылмыскер болып өспеуі тікелей ата-ананың қолында. Балаңызды сақтаңыз…

Аян МЕЙРАШ

«Қамшы» сілтейді