Ата-ананың ұстанымы баланың мінез-құлқының қалыптасуына былайша ықпал жасайды:
Бірінші, билік айтқыш ата-аналардың балалары көбінесе мойынсұнғыш, сыпайы мінезді болып өседі.
Екінші, шектен тыс алаңдағыш ата-аналардың балалары көбіне аңқау, ырықсыз, қорқақ мінезді болып өседі.
Үшінші, қорғаштағыш ата-аналардың балалары қоғамдық қарым-қатынасқа шорқақ, ұстамды, орнықты болады.
Төртінші, баласын әлпештеп отыратын ата-аналардың балалары жүгенсіз, қарсылық көрсеткіш, ашушаң мінезді болып өседі.
Бесінші, ырқына көнгіш ата-аналардың балалары жауапкершіліксіз, тәртіпсіз, соқтыққыш, қырсық болып өседі.
Алтыншы, бала тәрбиесіне елеусіз қарайтын ата-аналардың балалары рақымсыз, тұрақсыз және жасампаздық қабілеті зор болады.
Жетінші, бәрінен қолын қаға беретін ата-аналардың балалары ашушаң, теріс азу, суық бауыр болады.
Сегізінші, қатігез ата-ананың ұрпағы қайырымсыз, еркін мінезді болып өседі.
Тоғызыншы, үнемі тәуелсіз көзқараспен жүріп-тұратын, өзіндік принциптері бар үлкендер тәрбиелеген бала еркін, ақкөңіл, қайырымды, ықыласты, қоғамдық байланысқа шебер болады.
Оныншы, бәрін өз дегенімен жасатқысы келіп, дара билеуді ойлайтын үлкендері бар үйде өскен бала иек сүйегіш, кербақпа, тұрақсыз, менмендігі күшті болып өседі.
Сондықтан, баланың тамаша мінезі мен ақаусыз санасын жетілдіру үшін, ата-ана да өзін-өзі тәрбиелеп отыруы керек. Күнделікті отбасылық өмірде тамаша жүріс-тұрыс та, көңіл-күй де балаға әсер етеді.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
http://massaget.kz/bastangy/shayra/17851