АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Бар пәле өзiмiзден.

Өткен жылы Әулие Валентин күнiне бай­ланыс­ты бiраз дау болған. Оны тойлауды заң жүзiнде шектеймiз дедiк. Бiрақ…Қанша жерден, улап-шуласақ та, бұл “мейрамның” қазақстандықтардың санасына кiрiп, сiңiп қалғаны сонша, биыл да оны армансыз, мейлiнше тойлады. Әртүрлi оқу орындарында, клубтарда дүбiрлеп өттi бұл күн. Көше-көшелерден бiр-бiр шоқ гүл ұстаған қыздар мен жiгiттерден көз сүрiнедi. Темiртаудағы “Металлург” стадионының алдындағы өткен шара алдын ала бiрнеше күн бойы жарнамаланды. Тiптi ұраны да қазақ тiлiне қате аударылған. “Ғашықтық ырғағын ұста” дептi шараның ұранын. Не түсiндiңiз? “Биение сердец” деп аталатын шараға “жасотандықтар” да белсендi атсалысқан көрiнедi. Сонда бұрынғы шулағанымыз қайда?

Демек, мұндай дүниелердi тек заңмен реттеу жеткiлiксiз. Заңға тiрелiп қалған ешнәрсе жоқ. Бәрi өзiмiзден. Өзiмiздiң санамыздың деңгейi сондай! Жеткен жерiмiз, түсiнiгiмiз сондай!
Яғни, бәрiн шетелдiктерге жаба бермей, бар кiнәнi өзiмiзден iздесек дұрыс болар едi.
Әулие Валентиннiң дiнге қатысы жоқ екенi дәлелдендi. Оны христиандар да тойламайды. Мұсылман елдерiнде мұндай түсiнiк атымен жоқ. Ал бiзге не жорық?
Сондықтан бұған әр азаматтың сауаттылығы керек сияқты. Әйтпесе, бұл дерттiң алдын алу қиын.
Әйгерiм АМАНБАЕВА,
Қостанай.

http://zhasalash.kz/