АЛТЫНОРДА
Новости

Бас мүфти Астана имамдарымен кездесті

Астана. 21 сәуір. Baq.kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астана имамдарымен кездестідеп хабарлайды Baq.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуда Бас мүфти діни саланың жұмысын жетілдіруде Астана имамдарының рөлін айрықша атап өтті. Ержан қажы Малғажыұлы алқалы жиында дін қызметкерлеріне бірнеше бағыттар бойынша ақыл-кеңестерімен бөлісті.
«Ең бастысы араларыңызда бауырмалдық қарым-қатынасты күшейтіңіздер. Отбасыларыңызбен байланысты арттырсаңыздар, бұл өскелең ұрпаққа да оң әсерін береді. Мешітке келген әрбір адамға дұрыс көңіл бөліп, дұрыс қызмет жасаңыздар. Өйткені, біздер, дін өкілдері халықтың қызметшісі саналамыз», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы

http://baq.kz/kk/news/46114