АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Баяғы жартас бір жартас. Мемлекеттік тіл қашан төрге озады?

d0b5d0bbd0b1d0b0d181d18bЖұма күні «Достық үйінің» мәжіліс залында «Мемлекеттік тіл және Елбасы» атты дөңгелек үстел өтті. Таратылған баспасөз-мәліметіне сүйенсек, дөңгелек үстелді Академик Өмірзақ Айтбайұлы басқаратын халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырып отыр екен. Дөңгелек үстелге «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері шақырылыпты. Жиынды Филология ғылымдарының докторы, кезінде «Тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған Ерден Қажыбек жүргізіп отырды. Үстелдегі таблодан аңғарғанымыз жиынға шақырылған қонақтар көп көрінеді. Алайда әдейі ат терлетіп жеткендері шақырылғандардың жартысына жуық ғана. Алғашқы сөзді алып, жиын шымылдығын ашқан Өмірзақ Айтбайұлы мемлекеттік тілді дамыту барысында Елбасының ерен еңбегін айта келе, алдағы сайлауда Елбасын қолдайтындығын жеткізді және Нұрсұлтан Әбішұлына арнаған толғауын аса тебіреніспен оқып берді.

Екі тізгін, бір шылбырды қолына алған Ерден Қажыбек бұл жиынның негізгі мақсаты — қазақтың қазақпен қазақша сөйлеуін талап ету дегенге баса тоқтала отырып, өзге ұлт өкілдерінен оны білуді талап ету, адам құқығын шектейді деген ой айтты. Кезінде Тілдер комитетін басқарған тұлғаның мемлекеттік тіл туралы түсінігі бізді біраз таңқалдырғаны анық.

Жиынға қатысқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқа төрағасының І орынбасары Талғат Мамашев: «Шетелдегі қазақтарға тіл үйренуде көмектесу қажеттігін және қазіргі шығарылып жатқан оқулықтардың тіл үйренушіге өте ауыр екендігін айтты

Саясаттанушы Дос Көшім «мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген тәмсілдің күні өтті. Елбасы бұл ұсынысын айтқанда заман қазіргіден өзгеше болатын. Қазақтардың Қазақстандағы үлес салмағы 45 пайыз болса, қазір 70 пайызға жетті. Демек, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтетін уақыт жетті» деді.

Жиынға келушілердің басым бөлігі қалай дегенмен де мемлекеттік тілдің көсегесін көгерту үшін қандай да бір жаңа шара керектігіне тоқталды.

Профессор, тарих ғылымдарының докторы Сайын Борбасов Конституциядағы мемлекеттік тілдің мәртебесіне мемлекеттік қызметкерлерден мемлекеттік тілді білуді талап ететін бап енгізу қажет дейді.

Дәл осы пікірді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов та қолдайды.

Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев жоғары билік эшелонындағы шенеуніктердің шетелге барса да орысша сөйлейтіндігін сынады.

Есенгүл Кәпқызы

http://turkystan.kz/