Алматыдағы «Жаркент», «Дәстур» және «Ақжар»базарларын сот шешімімен бұзу келесі аптада басталады. Бұл туралы қалалық жер қатынастары басқармасы заң бөлімінің бастығы Аурика Жүнісбекова хабарлады.
«Бүгінге бізде сот шешімімен бұзылуы тиіс 8 базар бар. Олардың екеуі жартылай, ал 5-і толық бұзылады. Бүгінге бізде атқару өндірісі басталды. Олар «Жаркент», «Аягөз», «Ұлыгер», «Арал» базарлары, «Дәстүр» базарының бір бөлігі. Бүгіндері сот атқарушыларына атқару туралы нұсқау таратылды. «Жәркент», «Ақжар» базарларын, «Дәстүр» базарының бір бөлігін бұзуды бастамақшымыз», — деді А. Жүнісбекова.
Бүгінде 9 базар бойынша іс сотта қаралуда, олардың жерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралуда, ал жер аумақтары жеке меншіктегі базар бөліктеріне қатысты мәселе келесі жылы қарастырылмақшы
Дуанабай Жолдасбек