БАЗАРДЫ ӨРТЕГЕН КІМ?

шнге«Құлагер» базарында қасақана өрт қою фактiсi бойынша қылмыстық iс қозғалды. 

Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетi төрағасының орынбасары Дәурен Данаев мәлiмдеді. Өрт сынақ зертханасы мамандарының ұйғарымы «Құлагер» базарында бiрнеше өрт болғанын анықтады. Күлдi қалдықтарды жедел талдау әдiсi жеңiл тұтанатын және жанғыш сұйықтық iздерi барын көрсеттi. Зерттеулер кезiнде белгілі болғаны электр желiлерi, электр құралдары мен өрттiң шығу себептерi арасында байланыс жоқ. Анықталған фактiлер өрт қою арқылы бөтен адамның мүлкiн қасақана жоюдың немесе бүлдiрудiң белгiлерiн көрсетедi», — дедi Д.Данаев.

Дуанабай Жолдасбек

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/36417