АЛТЫНОРДА
Новости

Бейжіңде қазақтың киіз үйі бой көтерді

Бейжің. 6 қаңтар. BAQ.KZ – Қытай астанасы Бейжіңде де киіз үйде қара домбыраның үнін ести отырып, ұлттық тағамдардан дәм тата аласыз. Жақында Бейжің қаласы Чауяң районында «Орда» ұлттық демалыс орны ашылды. Бұл туралы «Халық» ақпараттық порталы хабарлап отыр.

Алып шаһардағы көше толы көліктің кептелісінен шыға бере оңаша орынға орналасқан 8 киіз үйдің арасында ұлттық киімдерін киіп, табақ-табақ ет тасып жүрген бозбалалар мен иіліп сәлем еткен қазақ қыздарын көргенде қазақ ауылына келгендей боласың,- деп жазады «Халық» сайты.
– Бейжіңнен ұлттық демалыс орнын ашуды 7-8 жылдан бері армандап жүретінмін. 20 жылдан астам уақыт Үрімжі қаласында кәсіппен айналыссам да, Бейжіңге келген сайын осы ой мазалай беретін еді. сол арманым бүгін орындалды. Қытайдың басқа да үлкен қалаларынан осындай қазақы ордаларды ашсам деген жоспарым да жоқ емес,- деген «Орданың» директоры Мұрат Құсайынұлы өзінің табыс табумен қатар алға қойған үлкен мақсатын да айтты. «Қытайлар көп қоныстанған, шетелдік саяхатшылар көптеп келетін үлкен шаһарларда қазақтың салт-дәстүрі мен ұлтық киімін, тағамын таныстыруды өзімнің азаматтық борышым деп есептеймін. Осындағы қыз-жігіттердің барлығын өзім таңдап алып келдім. Олардың тіл үйреніп, білім игеруін де өз міндетіме алып отырмын» дейді ол.

http://baq.kz/kk/diaspora/889