АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Бикен Римова атындағы драма театрының актерлері елордалық көрермендерге «Хан көтеру» рәсімін көрсетті (ФОТО)

1419028803nknim-pageАлматы облысының Астанадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы мәдени бағдарламасы «Хан көтеру» рәсімімен басталды. Елордада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ауқымды мәдени шара өтуде.

Алматы облысының Астана қаласындағы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге қатысты дайындаған бағдарламасы өзінің әртүрлілігімен және ерекшелігімен көпшіліктің көзайымына айналды. Алматы облысы орналасқан аумақтың кіре берісіне қойылған ауданнан арнайы әкелінген «Алтын адам» мүсіні қала тұрғындары мен қонақтарын бей-жай қалдырмағаны анық. Облыс тіккен 3 киіз үйдің тұсында Еңбекші ауданынан келген құсбегілер бүркіттерін, ал Қарасай, Іле аудандары мен Талдықорған қаласынан келген қолданбалы қолөнердің 30 шебері өз қолдарымен жасаған 600-дей түрлі бұйымдарымен жиналғандарды тәнті етті. Көрменің бір ерекшелігі қызыққан жандар бұйымдарды тек қана сатып алып қана қоймай, шеберлердің қолымен өз аттарын әшекей бұйымдарға арнайы жазғызу мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайының экспонаттары мен өңірдің қылқалам шеберлерінің туындылары Талдықорған қаласының көтерген киіз үйінің ішінде және оның маңында орнатылған шатырдың астында қойылды. Мұнда әрбір жан Жетісу өңірінің тарихы мен табиғи ерекшеліктерімен жіті таныса алды.

Осы мерекелік шараның соңы сәндік-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесімен және Алматы облысының ең үздік әртістері дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

20150911222238 20150911222244 20150911222259 20150911222303 20150911222307
20150911222319