АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Бикештер адам тани біледі

зодиак_деваБикештер адам тани біледі

Бикеш жұлдызымен туылған жандардың жақсы-жаман қасиеттерінің қандай екенін біле алмай жүрсіз бе? Оныңызды түсінуге болады. Өйткені Бикештер өздерінің кім екендерін жаһанға жария етуді ұнатпайды.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Бикеш жұлдызымен туылған жандар тәртіпті, жинақылықты ұнатады. Көпшілік арасында өздерін өте сыпайы ұстайды. Кешіккенді, салақтықты жандары сүймейді. Олар – еңбексүйгіш жандар, бар ынта-жігерімен еңбектенеді. Бикештер адам тани біледі, сондықтан да араласатын ортасын жақсы таңдайды. Сондай-ақ киім-кешек пен тамақты да талғаммен таңдайды. Олар табиғатынан шаруақор, үнемшіл, сабырлы келеді. Кез келген жағдайда мәселенің байыбына бармай, бай-балам салмайды. Дәлелсіз, бос әңгіме айтпайды. Десе де жаңалыққа құмар келеді. Тіпті оның өзіне еш пайдасы болмаса да айналасында болып жатқан жайттарға қызығушылықпен құлақ түре жүреді. Ой-өрістері жақсы дамыған. Білімдері терең. Сондықтан да кез келгенмен тартымды әңгіме құра алады. Шешен сөзді Бикештер елді аузына тек білімімен ғана емес, сыртқы сұлулығымен де қарата біледі.

КЕМШІЛІКТЕРІ

Табиғатынан күйгелек жандар. Кез келген нәрсеге өте мұқият қарайтындықтан әр болмашы жайттың өзін қырағы қадағалап, одан үлкен мәселе тудырып отырады. Бойындағы күмәншілдік қасиеті мен қай істе де тым сақтық танытулары Бикештердің құшағын кеңге жаюына көп кедергі келтіреді. Бұл жұлдыздың кейбір өкілдері көп өсек айтуды, елді шамадан тыс сынап-мінеуді доғарғандары жөн. 

http://anabol.kz/