АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

Білім министріне үздік ұстаздарды баспанамен қамту ұсынылды

img_3068Ұстаздардың жағдайын жасап, оларды материалдық тұрғыда қолдауымыз керек. Бүгін өңірімізге арнайы іс-сапармен келген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповпен кездескен облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірдегі үздік ұстаздарды баспанамен қамту мәселесін көтеріп, министрге ұсыныс айтты. Мұғалімдерге мемлекет тарапынан жасалатын көмек мәселесін ыждағаттылықпен тыңдаған еліміздің бас мұғалімі бұл ұсыныстың жан-жақты қаралатынын айтты. Облыстың білім саласындағы түйткілді проблемалары мен біліктілігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері сөз болған жиында аймақ басшысы еліміздегі әрбір үшінші «Алтын белгінің» иегері Оңтүстіктен шығатынын, ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 78,8 болып, білім саласы бойынша республика көлемінде
қатарда екенін айтты. Облыстағы жоғары көрсеткіштерді растаған Білім министрі өңірдегі 11 жоғарғы оқу орнының студенттері Студенттер лигасы спартакиадасында да белсенді екенін ризашылықпен мәлімдеді. Оңтүстікке жасаған сапары барысында Білім министрі ОҚО Мемлекеттік педагогикалық институтындағы жаңа Студенттер үйінің ашылу салтанатына қатысты. 500 орынға лайықталған 12 қабатты студенттер үйін салуға мемлекеттік бюджеттен 1 миллард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Мұнда болашақ педагогтар үшін барлық жағдай жасалған. Нысан ішінде кітапхана, асхана, арнайы медициналық кабинеттер, химиялық тазарту бөлімшесі, шаштараз және тағы басқа қызмет көрсету бөлімдері ашылған. Қазақстанда теңдесі жоқ жатақханада болған Аслан Сәрінжіпов әрбір оқу орнының маңында ақпараттық технологиялық орта құрылып, WiFi желісі тегін тартылуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарының жанында алкогольсіз дәмханалар жұмыс істеуі керек деген пікірін де жеткізді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

http://ontustik.gov.kz/