АЛТЫНОРДА
Новости Павлодара

Бозымбаевты орнында қалдырып, Арынды атағынан айырды

Павлодарда image77458 (04. 05.2015) облыстық мәслихат aryn
депутаттары кезектен тыс сессияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қанат Бозымбаевты Павлодар облысының әкімі лауазымына қайта тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.
Депутаттар сонымен қатар 2014 жылдың 6-қарашадағы мамандандырылған соттың айыптау үкімімен шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айрылған эксәкім Ерлан Арынды Павлодар облысының құрметті азаматы атағынан айыру жөнінде мәселе көтерді. Сессияға қатысқан 26 депутаттың біреуі қалыс қалып, біреуі қарсы дауыс берді де, қалғандары ұсынысты қолдады. Сөйтіп, облмәслихат депуттатары қазіргі әкім Қанат Бозымбаевты орнында қалдырып, эксәкім Ерлан Арынды атағынан айырды.
Осымен әңгімені аяқтауға болушы еді. Бірақ депуттаттардың шешімі жөнінде обләкімдікке қарасты http://pavlodarnews.kz/ порталы бірден “Напомним, суд за совершение тяжкого коррупционного преступления приговорил Ерлана Арына к трем годам лишения свободы условно» деген жалған мәлімет қосып хабар таратуы мәселеге сергек қарауға мәжбүр етті.
Шын мәнінде, эксәкім қызмет құзіретін асыра пайдаланғаны үшін шартты жазаға кесіліп, сот залынан босатылған болатын. Әлгі ақпаратқа байланысты тиісті лауазымды тұлғаларға біз наразылық білдіргеннен кейін «ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін» деген сөз тіркестері хабар мәтінінен алынып тасталды.
Өткен оқиғаларды енді еріксіз еске түсіруге тура келеді. 2014 жылы Ерлан Арынның үстінен қылмыстық іс қозғалған кезден бастап орыстілді тәуелсіз БАҚ эксәкімнің түрлі іс-әрекеттерін қаралайтын материалдарды жарыса жазып, оның өзін облыстың құрметті азаматы атағынан айыру жөнінде мәселе көтерген еді. Әсіресе, «Ратель кз» порталының тілшісі Джамиля Маричева және «Время» порталының тілшісі Ольга Воронько осы тақырыпқа келгенде алдына қара салмады. Бұл екеуінің қылмыстық оқиғаларды жазуға маманданған журналистер екені күмансыз. Солай бола тұра, Д.Маричева былтыр обләкімдік ұйымдастырған журналистер конкурсында ережеге сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде материалдар ұсынған журналистермен қатар жүлделі орын алды. Ал Ольга Воронько обләкімдікке қарасты (жоғарыда аталған)http://pavlodarnews.kz/ порталының бас редакторлығына тағайындалды… Оның кандидатурасын ұсынған обләкімнің баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Жалдинов көрінеді. Ал облыс ішкі саясат басқармасының басшысы Бауыржан Капенов туралы ойымды облыс әкімі Қанат Бозымбаевқа бағытталған жария хатымда ашық айтқанмын, дәл қазір қайталаудың реті келмей тұр.
Рас, патшашыл-кеңесшіл топ және мемлекетшіл, ұлтшыл азаматтар арасындағы текетірес әлі де бәсеңсімеген Павлодар облысында Қ. Бозымбаевқа алаңсыз жұмыс істеу оңай емес шығар. Оның үстіне былтыр істі болған эксәкімнің орынтағына отыру, биыл сол эксәкімді облыстың құрметті атағынан айырған сессияда облыс әкімі лауазымына қайта тағайындалу ырымға жақсы емес сияқты. Әйтсе де, өз басым қалай болса да Қанат Алдабергенұлының қызметіне сәттілік, отбасына жақсылық тілеймін.
Қанеке, қызметіңіз құтты болсын!

Арман ҚАНИ,
Павлодар қаласы.

qazaquni.kz