АЛТЫНОРДА
Новости

Бүгін тұңғыш қазақ мектебінің ашылғанына 150 жыл

АСТАНА. 8 қаңтар. BAQ.KZ — Осыдан 150 жыл бұрын, дәлірек айтсақ 1864 жылы 8 қаңтарда Торғайда (Орынбор бекінісі) қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп ашылды. Ыбырай Алтынсарин осы оқиғаға байланысты қуанышын Н.Ильминскийге жазған хатында бөлісті.

Қазақтың педагогика тарихында Ыбырай Алтынсарин ақын немесе жазушы ретінде ғана емес, қазақ жерінде мектеп ашқан алғашқы ұстаз ретінде белгілі. Ильминскийге жазған бір хатында «Қазақ даласын үш жыл аралағанда қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту бастықтардың ойына кіріп шыңпайды. Бекіністерде училищелер салудан гөрі үйінің, онсыз да қып-қызыл шатырын сырлауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды», — деп жазды.
1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тәләнен мұғалім етіп тағайындайды. Осындан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралы қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады.
Ыбрайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы 8 қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.
Алтынсарин өзінің ардақты борышы – балаларды оқыту деп түсінді. «Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларда, ауыл шаруашылық академияларында оқып білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін»,- деп жазды ол. Баланы оқыту, тәрбиелеу жұмысына Алтынсарин дүние жүзі педагогика классиктерінің Я. А. Каменскийдің, К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тағы басқа ағартушылардың гуманистіқ идеяларын басшылыққа алады.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

http://baq.kz/kk/history/362