АЛТЫНОРДА
Новости

Бұл кеңестерді білуіңіз керек…

пӨміріңізді оңайлатуға септігі тиетін өте қызықты әрі танымдық әдіс-тәсілдерді назарларыңызға ұсынып көрмекпіз.

Танысыңызға үйіңізге жететін жолды түсіндіре алмай әлекке түспес үшін, үйіңіздің суретін көрсетіңіз. Мұндайда үйді табу оңайға соғады. Ол үшін ұялы телефоныңызға алдын ала үйіңізді түсіріп, дайындап жүру керек.

Кетчуптың бөтелкеден тезірек шығуы керек болса, оған бір тал сабанды тығып жіберіңіз де, қайта алыңыз.

Әйнекке түскен ұсақ сызықтарды тіс пастасы жағылған шүберекпен кетіруге болады.

Шашыңызға сағыз жабысып қалған болса, оны вазелинмен немесе арахисті пастамен ысқылаңыз.

Шырақ қойғышты шырақтан аққан майлардан тазартқыңыз келсе, мұздатқышқа 20 минутқа салып қойыңыз. Одан кейін балауыз оп-оңай кетеді.

Ине жіпті инеге сабақтаудан қиналатын болсаңыз, жіптің ұшын лакпен бүркіп жіберіңіз.

Егер балды қасықпен немесе стақанмен дәлме-дәл өлшеп алу керек болса, балды алатын құрал-сайманды өсімдік майына батырып алыңыз. Бұл жағдайда бал құралға жабысып қалмайды.

Терезені жуғанда ішінен вертикальді бағытпен, сыртынан горизонталь бағытпен сүртіңіз. Сондай айғызданып қалмайды.

Былғары аяқ киімнің бетіндегі ақ дақтарды, тұз қалдықтарын бір стақан суға бір ас қасық сірке суы қосылған қоспа арқылы кетіруге болады.

Ваннадағы айнаңыз терлеп, буланып кетпесін десеңіз, оны қырынуға арналған креммен сүртіңіз, артынан кремді жұмсақ матамен кетіріп тастауға болады.

Спортқа арналған аяқ-киімдегі жағымсыз иісті кетіру үшін оған ас содасын сеуіп, бір күн бойы қойып қойыңыз.

Баға көрсеткіштер ыңғайсыз жерге жабысып қалған болса, оға фенді ұзақ уақыт ұстап тұрыңыз. Олар феннен шыққан ыстық ауаға қарсы тұра алмайды.

Егер бір стақан екінші бір стақанға жабысып қалған болса, ажырату қиын емес. Ол үшін: үстіңгі стақанды мұздай суға толтырыңыз да, басқа ыдысқа құйылған ыстық суға екеуін салып қойыңыз. Бір минуттан кейін ажырап шыға келеді.

Апельсиннен немесе лимоннан көбірек шырын алғыңыз келсе, ең алдымен оларды үстелдің үстіне әбден сырғанатып алу керек.

Қолға сіңген сарымсақтың иісінен құтылғыңыз келсе, қолыңызды тот баспайтын құрышқа сырғанатыңыз. Мұндайға қасық та жарай береді.

 

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

 

http://massaget.kz