АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Чилиде 337 киттің өлексесі табылды

3803e4fde0981b3f916ebd164d29a0d2_LЧили экологтары дабыл қағып жатыр. Патагония аймағында 337 киттің өлексесі жағалауға шығып қалған. Жағада қырылып жатқан сүтқоректілерді шетелдік ғалымдар көктен бақылау жасап жүріп байқап қалған. Жануарлардың неден қырылғаны әзірге белгісіз. Бірақ зерттеушілер киттердің қазасына адамдардың қатысы жоқ дейді. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, оған судағы улы заттар себеп болуы мүмкін. Не болса да, киттердің жүздеп қырылуы адамзат тарихында алғаш рет тіркеліп отыр.

Источник: http://24.kz/