АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Цирк» ұжымы ІV маусымын ашты

????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

«Оңтүстік — Цирк» ұжымы IV маусымын ашып, облыс халқына жаңа қойылымын ұсынды. Мекеме директоры А.Алиев пен ресейлік цирк әртістері, ең алдымен, жұртшылыққа көрсетілетін жаңа маусымның бағдарламасымен тілшілерді таныстырып, баспасөз брифингін ұйымдастырды. БАҚ өкілдерімен болған кездесу әдеттегідей емес, цирктің үлкен манежінде орнатылған бассейн үстінде өтті. «Судағы цирк». Ресейлік өнер майталмандарының жаңа маусымдағы бағдарламасы осылай аталады. Бұрынғыдан өзгерек цирк шоуында ОҚО халқы мен қонақтары 30-дан астам аң-құстың су үстіндегі өнерін тамашалай алды. Атап айтсақ, теңіз мысықтары мен жыландар, АРА тотықұсы мен мешіндер, қолтырауын және ұзын құйрықты қырғауыл секілді үйретілген жануарлар көрерменнің көңілін көтеруге жұмыс істеді. Айта өткен жөн, ресейлік цирк әртістері жоғары сапалы жарық пен дыбыс құрылғыларымен жабдықталған алаңда өнер көрсетіп жатыр. Ал хауызға 150 тонна су құйылған. 26 қыркүйектен басталған «Судағы цирк» қойылымы қазан айының 25 жұлдызына дейін жалғасатын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі