АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дарыған дұға[:]

[:kz]

Без названия (1)Осыдан екi ай бұрын араб тiлi сабағынан дәрiс берiп жүрген Рабиға ұстазымыз аман-саулық сұрасқаннан кейiн:

– Қыздар, менiң iнiм жол-көлiк апатына түсiп қалды. Iнiм үшiн дұға қылыңдаршы, жағдайы өте нашар, – деп өтiндi. Қаланың қақ ортасында велосипедпен кетiп бара жатқан 20 жасар iнiсiн жеңiл көлiк қағып кетiптi…   Бiздiң топтағы жиырма шақты қыз-келiншек, басқа да туған- туыстары, күнi-түнi бозбаланың сауығып кетуiн тiледiк.     Аллаға шүкiр, көретiн күнi бар екен, аман қалды.   Өткен күнi сабақтардың бiрiнде ұстазымыз:
– Ол ана өмiрге барып келдi ғой. Жансақтау бөлiмiнде ес-түссiз жатқанда ол аппақ киiм киген, бет-жүзi анық емес адамдарды көрiптi. Солар жүрген жаққа бара жатса, бiреу оған дауыстап: “Сен бұл жаққа келме, саған әлi ерте, керi қайт! – дептi. Ал iнiм болса: “Мен ол жаққа барғым келмейдi, осында-ақ қала берейiншi”, – деп өтiнген. Әлгi ақ киiмдегi, бет-әлпетi анық емес адам: “Сен үшiн ол жақта өте көп дұға жасалып жатыр. Керi қайт, сенi мұнда алып қала алмаймыз”, – деп iнiмдi керi қайтарып жiберiптi, ажалы жоқ екен, – дедi ұстаз.
Бәрiмiз аң-таңбыз… Құран мен хадистерде айтылатын Көктегi беймәлiм әлемдi көзбен көру мына жалған дүниенiң жұмыр басты пендесiне бұйырады екен ғой деген таңданыс болды. Көкейiмiзде “ертегiдей көрiнген ана өмiр қандай екен?” деген сұрақ қалды. Оны тықақтап сұрауға ешкiмнiң батылы бармады. 
Әдетте, “ана өмiрге барып келiптi” дегендi жиi еститiнмiн. Десе де, осы әңгiменi жақын адамыңнан есту бiр бөлек екен. Санамызбен қабылдап, жүрегiмiзбен иландық, таңырқай отырып тамсандық. 
Айтпағым, күмәнсiз кез келген шын көңiлден жасалған дұға мiндеттi түрде орындалады. Iске асады.   Жалбарына сұрап, сарқыла тiлесең маңдайға жазылған тағдыр да қайта қаралатыны хақ. “Алла тағала: (Мұхаммед!) (с.ғ.с.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса өте жақынмын, қашан Менен тiлесе, тiлеушiнiң тiлегiне жауап берем. Ендеше, олар да әмiрiмдi қабыл етсiн және маған сенсiн. Әрине, тура жол тапқан болар едi” деген. Бұл – Адам ата ұрпағына Жаратушының берген бұзылмас сертi. 
Арайлым Қайып.
Жас Алаш газетiнен алынды
 

[:]