АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Оңтүстік Қазақстанға келді

0073-640x377Биыл бірінші қазаннан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерге қызылшаға қарсы вакциналау жұмыстары басталады. Бұл туралы, өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі Алексей Цой мәлім етті. Сапар аясында ведомоства басшысының орынбасары егу жұмыстарының дайындық барысымен танысып, вакциналау жұмыстарынан ешкімнің тыс қалмауын тапсырды. Сондай-ақ, Шымкенттегі №3, №5, №6, №8 қалалық емханаларда болды. Ондағы медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмектердің жайын бақылап, дәрігерлердің халыққа қызмет көрсету барысын қадағалады. Түс қайта шаһардағы облыстық клиникалық аурухана мен №4 перинаталдық орталықта болған вице-министр ауруханадағы емдеу аппараттарына баса назар аударды. Күнгейдегі денсаулық сақтау мекемелерінің бір күндік жұмысын бақылаған денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі облыстағы жұмыстарға қанағаттанатынын жеткізді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі