Сары ауруды (Гепатит) емдейтін дәрінің бір ампуласының бағасы:
Қазақстан – 310 $
Грузия – 65 $
Емдеу құны:
Қазақстан – 14 880 $
Грузия – 3 120 $
Толық емдеу:
Қазақстан – 16 000 $
Грузия – 5 000 $
Украина – 5 000 $
Мысыр – 2500 $
Меруерт ҚАЗБЕКОВА, Мәжіліс депутаты.
Дәрі мен баға
Міне, масқара! Біздің елде гепатитті емдейтін дәрі мен емдеу құны аспандап тұр. Нақтырақ айтқанда шетелдегі баға біздегіден 3 есеге арзан.
Дәрі-дәрмек сатып алатын ұлттық операторымыз «Фармация» компаниясы мен Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының бойкүйездігінен қыруар қаржы желге ұшып жатыр. Басқаша айтқанда, өзімізді өзіміз тонап жатырмыз! Бұл сонда кімге тиімді?
Біздің еліміз – вирустық гепатиттердің таралу қаупі жоғары елдердің қатарына кіреді. Соның дәлелі шығар, елімізде жыл сайын 13-тен 30 мыңға дейін аталған дертке шалдыққан науқастар тіркеледі. Тіпті, 2011 жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында ел үкіметі 2011-2015 жылдарға гепатитпен ауыратын науқастарды емдеуге арнайы қаржы бөлуге шешім қабылдады. Биыл «СК Фармация» ЖШС-і гепатитті емдейтін дәрі-дәрмектерді сатып алуға тендер де өткізді…
Басқа елдермен салыстырғанда, ұқсас бір ауруға, яғни гепатитке кететін дәрі-дәрмектің құны мен емдеу бағасының әртүрлілігі кімге тиімді? Бұл жерде бір гәп бары анық. Әйтпесе, үнемделген ақшаны қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға, немесе гепатолог-мамандарды оқытуға жұмсауға болар еді. Яғни, бюджеттің есебінен дәрі сатып алудағы Денсаулық сақтау министрлігінің ұқыпсыздығын әшкерелейтін кез жетті. Сонда қазынаның қаржысына үш есеге дейін қымбат бағаға дәрі-дәрмек сатып алу кімге тиімді?
Жас Қазақ газетінен алынды