АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Доллардың соңғы 2 айда арзандауы Қырғызстанның ішкі нарық белсенділігін арттырды

скачанные файлы (1)Доллар мен еуро бағамының төмендеуі қырғыз кәсіпкерлері үшін айтарлықтай тиімді болды. Бұл жөнінде көрші елдегі Сауда және қызмет көрсету ассоциация өкілдері мәлімдеуде. Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болған сәті Қазақстан мен Ресейдегі валюталардың еркін айналымға жіберілуіне тұспа-тұс келді. Сәйкесінше, бұл арадағы сауда-саттықты күрделендіріп жіберді дейді сарапшылар. Қазір жағдай бір қалыпқа келді. Әсіресе америкалық валютаның соңғы 2 айда 2%-ға төмендеуі ішкі нарық белсенділігін одан сайын арттырды. Әрине, бұған алпауыт одақтың да ықпалы зор. Өйткені қырғыз елі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болмаса, жергілікті нарықта осындай өзгерістің орын алуы екіталай. Бұдан бөлек кейінгі кезде елде жалпы ішкі өнімдің өсімі байқалады. Улан Рыскельдиев, экономист: — Қазіргі таңда әртүрлі зертханалар мен басқа да қажетті кешендерді орнатуға 200 миллион қарастырылған. Бұл – өте жақсы мүмкіндік. Бұған қоса Ресеймен бірге құрған қорымыз бар. Ол да ел экономикасына тың серпін беретініне сенімдіміз. Бұған бөлек біздің тауарлардың көптеген талап бойынша бәсекеге қабілетті екендігін тиімді пайдалануымыз қажет.

Источник: http://24.kz/kz/