Украинаның Донецк облысында минаға тап болған автобуста келе жатқан үш адам қаза тапқан.
Украина билігінің хабарлауынша, автобус үкімет әскері бақылауындағы Артемьевск қаласынан ресейшіл сепаратистер ұстап тұрған Горловка ауданына бара жатқан. Ақпаратқа қарағанда, автобус бақылау-өткізу бекетін айналып өтпек болғанда жол бойындағы мина жарылған. Кемінде жеті адам жараланып, Артемьевск қаласындағы ауруханаға жеткізілген.
Кеше Украина президенті Петр Порошенко Киев халықаралық әуежайында АҚШ-тың Украинаға жөнелткен гуманитарлық көмегінің алғашқы бөлігін түсіріп алуды бақылаған. Вашингтон жиыны 75 миллион АҚШ долларына тең 200 Humvee бронды әскери көлігін, радиостанциялар, минометке қарсы радарлар мен басқа да әскерге керек-жарағын жібермек.
АҚШ президенті Барак Обама конгрестің Украинаға қорғаныс қару-жарағы мен оқ-дәрі жіберу туралы ұсынысын әзірше мақұлдаған жоқ.
http://www.azattyq.org/
Пески селосында атқылаудан қираған украин әскерінің жедел жәрдем көлігі. Донецк, 25 наурыз 2015 жы