АЛТЫНОРДА
Новости

Донецкіде сепаратистер 33 кеншінің қазасын растады

Өзін-өзі жариялап алған «Донецк халық республикасының» басшылығы Засядько кенішінде 4 наурызда болған жарылыстан жиыны 33 кенші қаза тапқанын растады. 17 кеншінің денесі кеніштен жер бетіне шығарылған, қалған 16 кеншінің мәйіті енді шығарылмақ.

Украина билігі Донецк облысына құтқарушылар бригадасын жөнелтпек болған. Бірақ премьер-миинстр Арсений Яценюктің сөзінше, ресейшіл сепаратистер құтқарушыларды апат орнына жібермей қойған. «Мен Ресейді бұл алаяқтарға бригадамызды кеншілерді құтқаруға жіберуді бұйыруға шақырамын» деп мәлімдеді Яценюк.

Алдын-ала болдам бойынша, кеніштегі жарылыс газ-ауа қоспасынан шыққан.

Өткен жылдың сәуір айынан бері Шығыс Украинада үкімет әскері мен рсеейшіл сепаратистер арасында қақтығыс жалғасып келеді. Қарулы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны алты мыңнан асты. Әскери іс-қимылдар ақпанның 12-сінде Минскіде қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғаннан кейін бәсеңдеді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150305/330/330.html?id=26882906