АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дронмен қой бағатын шопан туралы оқиға ойдан құрастырылған болып шықты

photo_21769Жамбыл облысында қойды дронмен бағатын шопан туралы оқиғаны блогер Сергей Анашкевич ойдан құрастырған, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін ол Ерасыл есімді шопанның дронымен қатар, өзіне iPhone 6s смартфонына тапсырыс беріп үлгергенін де айтқан еді. Қойшының әзірше қарапайым iPhone 6 телефоны бар делінді. Ғылыми даму мен заманауи технологиялар отарды әуеден басқаруға мүмкіндік береді деп, сонымен бірге, дронның отардың үстінен ұшып өтіп, бөлініп кеткен қойларды жинап беретіні айтылды. 

Кейін Анашкевич бұл оқиғаны ойдан құрастырғанын мойындады. «Бұл жай ғана әзіл болған еді», — деп жазды блогер өз мақаласында.