Джим Керри Қазақстанға шақырылады

434_df02d38712c9a3aad63dedbfbb10ed0dАстана. 16 тамыз. Baq.kz – Қазақстандық режиссерлер Әйгерім Ереханова мен Кәмила Лұқпанова өздерінің жаңа фильмдеріне Джим Керри, Гэрри Олдмэн және Эдвар Нортонға түсуге ұсыныс білдірмекші, деп хабарлайды Bnews.

   Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға үлес қосуды мақсат еткен киноматография мамандары комикс жанрындағы «A, B, C, D…men» деп аталатын жаңа туындыларын Астана қаласында түсіреміз деп жоспарлап отыр. Олардың бұл туындыны көрген адамның Қазақстанға деген қызығушылығы оянатынына сенімі мол.
Айта кетейік, Кәмилә Францияның Поля Верлен атындағы университетін, ал Әйгерім жоғары білімді АҚШ-тың Огайо штатынан алып келген. Бүгінгі күні олар Алматы қаласында «Жаралы жүректердің баспанасы» атты театр құрған.