АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Эдгард Запашный, Геннадий Хазанов және басқа да Ресей шоу бизнесінің жұлдыздары жаңа маусымда «Түнгі студия» ток-шоуының қонағы болады

IMG_949321 қазан күні «Қазақстан» телеарнасының Нұрлан Қоянбаевпен «Түнгі студия» сауықтыру бағдарламасының жаңа маусымы басталады, деп хабарлады «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз қызметі.

Жаңа маусымда белгілі жүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың қадірлі қонақтарының қатарынан танымал эстрада және кино жұлдыздарын, опера әншілерін, спортшыларды, режиссерлер мен продюсерлерді, ғарышкерлер мен мотобайкерлерді де көре аласыздар.

Атап айтсақ, «Тунгі студия» бағдарламасына көркем гимнасшы Әлия Юсупова, әртіс, сайқымазақ Мұрат Мұтырғанов, қазақстандық орындаушылар Абай Бегей мен Мақпал Исабекова қатысады деп күтілуде.

Көрермендерді бұдан басқа да тосын сыйлар күтіп тұр. Нұрланның студиясында  Ресейдің кино, театр, эстрада және цирк өнерінің жұлдыздары қонақта болады. 2 қазан күні алғашқы ресейлік қонақ — жабайы аңдарды қолға үйретуші Эдгард Запашный болмақ. Одан кейін Геннадий Хазанов, Валерия, Михаил Ефремов, Елена Воробей, Авраам Руссо, На-На, Фабрика, Корни, Градусы, Бандэрос, Уматурман, 312 ән топтары, Виктория Дайнеко, Иванушки-Интернешнлдегі Андрей Аполлонов, Никита Пресняков, Сати Казанова, «РУДН» көңілді-тапқырлар клубы, Митя Фомин, Катя Лель, Доминик Джокер, Юлия Ковальчук студияның қадірменді қонақтары болмақ.

Нұрлан Қоянбаев эфирдің жарты сағатының ішінде қонақтардың қыр-сырын біліп, бағдарламаның қызықты өтуіне өз септігін тигізбекші.

Жоба авторлары көрермендерге бұдан да басқа бірқатар тосын сыйлар әзірлеуде. Мысалы, «Жұлдызды инстаграмм» айдарында Нұрлан әзіл аралас түсініктемелерімен қазақстандық және ресей эстрада жұлдыздарының инстаграмм парақшаларымен бөліседі. Яғни, бір аптаның ішінде жұлдыздардың немен айналысқандарын, қай жерде дем алғандарын және бұдан да басқасын көрермендерге жеткізбекші.

IMG_9493

Жаңа маусымда студия қонақтарына Нұрлан ғана емес, сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндер де сұрақтарын қоймақшы. Жұлдыздар балалық шақтағы суреттерін және түрлі қызықты бастан өткен жағдайларымен бөліседі. Ал ең мықты қонақтар балалардың артынан қайталап, түрлі бет қимылдарын жасайды.

Танымал тұлғалардың өмірін қарапайым халыққа бір табан жақын қылған әлеуметтік желілердің ролі зор. Жанкүйерлер және басқалары да жұлдыздардың жазған сөздеріне, суреттеріне, твиттеріне өз түсініктемелерін жазуға мүмкіндік алды. Мұндай түсініктемелердің бәрі де жақсы деп айта алмаймыз. Студия қонақтары мұндай сыни түсініктемелерді өздері оқып, әзіл араластырып, оларға жауап беруге тырысып көрмекші. Бұл олардың қолынан келе ме? Мұның бәрін және бұдан да басқасын «Қазақстан» телеарнасынан 1 қазаннан бастап, күн сайын дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 23.30-да біле аласыздар.

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan