2015 жылдан бастап біздің елде қызметтерді алу бұрынғыдан да жеңілдеді, бастысы жылдамдады. Мобильдік қолтаңба технологиясы «мобильдік үкімет» жобасы жаңалықтарының бірі, сондай-ақ оның маңызды құрамдасы болып табылады.
Бұрын біз пайдаланушы ЭЦҚ компьютерде, тасымалды құрылғыда немесе жеке куәлікте жазылған түрде көріп үйрендік. Енді пайдаланушы ЭЦҚ оның sim-картасына байланыстырылуы тиіс. Басты артықшылығы пайдалану оңайлығы және мобильділік болып табылады. Пайдаланушы сұранысын растау үшін мәтіндік хабарламалар жіберуге қабілетті ең қарапайым телефон қажет. Мобильдік ЭЦҚ ұялы телефонның кез келген моделінен электронды қызметтер және сервистерді алуға мүмкіндік береді.
Тиісті sim-картаны Астана, Алматы қаласындағы «Алтел» АҚ сату бөлімдерінен ағымдағы жылдың қыркүйек айында сатып алуға болады. ҚР қалған аумақтарында ЭЦҚ бар sim-карталарды тарату а.ж. қазан айына жоспарланған. Егер пайдаланушыда әдеттегі «Алтел» АҚ sim-картасы болса, Алтел сату орталықтарына барғанда қарапайым сим-картаны ЭЦҚ жазу мүмкіндігі бар sim-картаға ауыстыра алады, осы ретте қызмет құны 101 тг. Құрайтын болады. Абоненттің қолданыстағы мобильдік нөмірі, тарифтік жоспары да сақталатын болады.
Егер пайдаланушы оған ЭЦҚ жазу мүмкіндігі бар sim-картаны бірінші рет сатып алса, оператордағы оның құны 200 тг. құрайтын болады.
Мобильдік эцқ көмегімен қызметтерді қалай алуға болады?
Мобильдік ЭЦҚ еgov.kz мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, сондай-ақ қызметтерді алу үшін смс-хабарламалар жіберу арқылы қолдануға болады.
Еgov.kz мобильдік қосымшасында пайдаланушыға 17 электрондық көрсетілетін қызметтер/сервистері үшін мобильдік ЭЦҚ қол қою жетімді болады.
Мобильдік ЭЦҚ қоюмен пайдаланушыға қол жетімді қызметтер тізбесі:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру
Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру
Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама беру
Некені тікреу туралы анықтама беру
Туу туралы анықтама беру
Жер учаскесіне кадастрлік ақпарат алу
Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру
Мекенжай анықтамасын беру
Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама алу
Жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтамалар беру
Заңды тұлғаның филиалдары және өкілдіктері туралы анықтамалар алу
«Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы» анықтама беру
Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктерге қатысуы туралы анықтама беру
«Заңды тұлғаның, филиалы немесе өкілдіктерінің барлық тіркелген әрекеттері туралы» анықтама алу
Электрондық өтініштер.
Қызметті алу үшін мобильдік ЭЦҚ арқылы еgov.kz мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, қызметті алу үшін мыналар қажет:
«Мобильдік куәлік көмегімен қол қою» сұранысына қол қою тәсілін таңдау.
Мобильдік ЭЦҚ бар мобильді телефонның нөмірін растау.
Мобильдік телефонда «Қызмет көрсетуге ? қол қою» хабарламасы көрсетіледі. Қол қою процесін растау.
Мобильдік телефонда «Кілт …. Әрі қарай?» кілт атауы көрсетіледі. Қол қою процесін жалғастыруды растау.
Мобильдік телефонда «PIN-кодты енгізіңіз» командасы көрсетіледі. ЭЦҚ PIN-кодын енгізу және қол қою процесін жалғастыруды растау.
Мобильдік телефонда «Қолтаңба ойдағыдай қалыптасқан!» хабарламасы көрсетіледі. Қол қою процесін растау
«Нәтижені қарау» батырмасын басу.
Мобильдік жеке кабинетте («Өтініштер тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу және талап ету орны бойынша ұсыну.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Халыққа қызмет көрсету орталығының № 1 қалалық бөліміне немесе 21-46-79 телефонына хабарласуларыңызға болады.
Кеңес алу үшін 1414 нөмірі бойынша хабарласу қажет. Қоңырау барлық Қазақстан бойынша кез келген оператордан тегін.
«ХҚКО» РМК-ның ОҚО бойынша
филиалының № 1 қалалық бөлімі