АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Эйнштейннен озды

16 жастағы ағылшын қызы IQ тестің қорытындысы бойынша небір атақтыларды артқа тастады. Тіпті Эйнштейн де ақыл-ой жағынан одан төмен тұр.

Лорен Марбе ұстаздарын да қайран қалдырып келеді. Ақыл-ой дамуы көрсеткіші жағынан сыныптастарынан әлдеқашан озық тұрған дарынды қыз «Менса» ұйымы ұйымдастырған «ақылдыларды анықтау» тестінде мүлде қара үзіп шықты. Оның ендігі мақсаты, алдағы жазда өнер, физика, мате­матика пәндерінен емтихандарды үздік тапсырып, Кембридж университетінде сәулет өнері бойынша білімін жалғастыру. Ол ғылыми мамандықтарды ғана ұнатпайды. Музыкадан да қабілеті күшті. Сондықтан да болар, елдегі өнер жұлдыздарының кон­церт­терін үзбей тамашалайды.

Қыздың қабілетін Стивен Хокинг, Билл Гейтс және Альберт Эйнштейнмен салыс­тыру арқылы анықтаған. Айталық, есімін атаған мықтылардың IQ қабілеті 160 болса, Лорендікі – 161

Айкын.