Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халықтары ассамблеясына төрағалық етуіне 20 жыл толуына орай деректі фильм түсірілетін болды
Бұл туралы брифингте Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.
«Мемлекет басшысының Қазақстан халықтары ассамблеясына төрағалық етуіне 20 жыл толуына байланысты деректі фильм түсіруді ұсынамыз. Фильм тұңғыш Президенттің ұлтаралық татулық пен келісімге сіңірген еңбегі жайында баяндалады» деді А.Мұхамедиұлы журналистермен кездесуде.
Жаңа туындының тұсаукесері келер жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтеді.
Дуанабай Жолдасбек
http://www.aikyn.kz/articles/view/47621