Астана. 27 тамыз. Baq.kz – Астанада қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» республикалық байқауы өтті.
«Тілдердің үш тұғырлылығы» жобасы аясында өткізілетін шара осымен 2 рет шымылдырығын ашты. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан іріктелген 16 үміткер қатысты. Олардың арасында мемлекеттік тілді ана тілінен кем көрмейтін өзге ұлт өкілдері де бар. Байқау шарты бойынша, тіл шеберлері білімдерін де сынға салды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті басқармасының басшысы Гүлбадан Тәуелқызының айтуынша, сайыстың қай бөлімінде болмасын, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі мәліметтер Қазақстан туралы болды. Қазақтың салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы жайындағы материалдарды қамтыды. Жарыстың VI бөлімінде жастар өз өнерлерін көрсетті. Шара жеңімпаздары ұлттық компанияларда, мемлекеттік мекемелерде сұранысқа ие қызметкер болып шығады.