АЛТЫНОРДА
Новости

Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» Словакияда ең үздік фильм атанды

434_198804b840441cecaa8c4950ab57d99fАстана. 4 шілде. Baq.kz – Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» атты фильмі 21-26 маусым аралығында Словакияның Тренчин қаласында өткен 21-ші Халықаралық киноөнер фестивалінде «Ең үздік» фильм Гран-приін және қала мэрінің арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

«Үндестік сабақтары» картинасының премьерасы осы жылдың ақпан айында Берлин кинофестивалінде өтіп, үздік операторлық жұмыс үшін «Күміс аю» жүлдесі мен «Моргенпост» газетінің оқырмандарының сыйлығына ие болған. Бұл Қазақстан тарихындағы Берлинале конкурсында жүлделі болған алғашқы фильм. Сонымен қатар фильм Вашингтонның Сиэтл және Щвейцарияның Базель қалаларында өткен Халықаралық кинофестивальдерде Гран-приммен, Нью-Йоркте өткен «Трайбека» фестивалінде әділ-қазылардың арнайы дипломымен марапатталған.
______________________________________________________________________________________

Халықаралық Art Film Fest кинофестивалі 1993 жылдан бастап жыл сайын Словакияның Тренчин курорттық қаласында өткізіліп келетін кинофестиваль. Бұл фестиваль алғаш рет ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткен. Бастапқыда тек деректі фильмдердің авторларын ғана марапаттайтын фестиваль, 1995 жылдан бастап кино өнерінің дамуына ерекше үлес қосқандарға «Актер Миссиясы» премиясы және «Алтын Камера» жүлдесімен толықтырылған.
 

http://www.baq.kz/kk/news/31676