АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ең үздік жоғары оқу орны анықталды

IMG_6449Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚТҚА) еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін жариялады.Агенттік президенті Шол­пан Қаланова атап өткендей, бұл ұлттық рейтинг «жоғары білім беру сапасын арттыру құралы, бұл ЖОО қызметінің тиімділігін салыстырудың бел­гілі бір тетігі» және мек­теп түлектері мен жұмыс берушілердің үздік оқу орнын таңдауына бағыт- бағдар береді.
 Биыл сегізінші рет өтіп отыр­ған рейтингіге еліміздің 60 жоғары оқу орны қатысты. Үздік бес жоғары оқу орны­ның көшбасында,яғни бірінші орында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тұр.Екінші орында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті, үшінші және төртінші тұғырға М.Әуезов атындағы Оң­түстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті орналасты. Бе­сінші орынды С.Торайғыров атын­дағы Павлодар мемлекеттік университеті иеленді. Ең үздік техникалық  ЖОО болып, Қазақ-британ техникалық университеті  танылды. Рейтингті анықтау барысында күндізгі бөлімде оқитын студенттердің және  білім беру тапсырысы негізінде оқитын студенттердің үлесі, ма­гистранттар мен Ph’D докто­­ранттар саны, білім алушы­лар­дың оқу жетістіктерінің дең­гейі, халықаралық және респуб­ликалық  деңгейдегі жетістіктері жан-жақты сараланды.

 Айкын тілшіci

http://aikyn.kz/