21 және 22 наурызда Алматыдағы Республика сарайында Халық әртісі Мақпал Жүнісованың «Ерке қыз – елуде» атты концерті өтеді. 21 және 22 наурызда Алматыдағы Республика сарайында Халық әртісі Мақпал Жүнісованың «Ерке қыз – елуде» атты концерті өтеді.
Халық махаббатына шынайы бөленген, өмір жолында өр мен ылдидың талайынан өткен, ең бастысы, өзінің талантына қылау түсірмеген әншінің бұл концертін тыңдармандары асыға күтті. Бір емес, екі күнге жоспарланса да билет сұрап жүргендер жеткілікті. Айтулы кеш алдында Мақпал Мұхамедиярқызын сөзге тарттық.
– Бұл – қазақ халқына есеп беретін концертім ғой, – дейді әнші. – Киім үлгісін адам танымастай өзгертіп, алақұйын дыбыстар қосып, көз қарықтыратын жарықтар жағып, жоқтан бар жасап шығатын рок-әнші емеспін. Шоу үшін жасап жатқаным жоқ. Осы концерт арқылы қазақ халқына, осы халықтың ұлы өнерпаздарына тағзым еткім келеді. 1981 жылы «Гүлдер» ансамбліне әнші болып келдім. Содан бері халық мені алақанынан түсірген жоқ. Елуге келіп, өмірдің үлкен белесіне шыққан кезімде ризашылығымды осы концерт арқылы білдіруді жөн көрдім.
– Қандай әндер орындалады? Кештің жаңалығы қандай болмақ?
– Ән әлемінде жүрген 30 жылдан астам уақытта мен шырқаған әндер аз емес. Оның ішінде халықтың өз әні болып кеткендері де, бір күндік айтыла салғаны да бар. Бұл жолы ел жүрегіндегі есті әндерді орындап шығамын. Менің әнші ретінде қалыптасуыма, танылуыма, ел еркесіне айналуыма Шәмші Қалдаяқов, Әблахат Есбаев, Әсет Бейсеуовтерден бастап, бүгінгі жас сазгерлердің де, Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев, Кәкімбек Салықов, Фариза Оңғарсынова, Иран-Ғайып, т.б. ақындардың да еңбегі зор. Сол кісілердің арқасында атымыз шықты. Мен үшін ғана емес, халық үшін, қазақ үшін жазды ғой. Концертте 50 жаңа ән орындаймын десем, бәрі де дайын тұр. Бірақ халық бәрібір өз құлағына, өз жүрегіне сіңген әндерді күтеді, сұрайды. Оншақты жаңа ән болуы мүмкін. Негізгі бөлігі – ретро әндер, романстар. Өзімнің баяғы әндеріммен, баяғы қалпыммен шығамын. Халық мені қалай сүйді, сол қалпымда көрінгім келеді. Концертімде шоу-балеттердің бәрі билегісі келді, бәрі ақша төлейді деп үміттенеді. Бірақ олардың ұсынысын қабыл алғаным жоқ.
– Концертіңізді қолдап, демеп жатқан азаматтар бар ма?
– Ешқандай демеуші іздеген жоқпын, ешкім «мінеки, ақшаңыз» деп әкелген де жоқ. Осы концертті өткізуге мүмкіндік берілгені үшін рахмет айтып отырған жайым бар. Әуелде бір күнге деп ойлап едік, халық сұранысы артып кеткесін екі күнге жоспарлап отырмыз.
– Арнайы қонақтардан кімдер бар?
– Бұл концертіме періштелер қатысады. Ақын бала Жамбыл Дүйсенов маған арнап өлең жазыпты. «Болашақта қазақтың үлкен ақыны болады» деген ниетпен кезек бермекпін. Жамбылды өзім өте жақсы көремін. Қызым Мерей тосын сый жасап жатыр екен. №159 мектептің 4 қызы маған ән арнамақшы. Сыйлық ретінде оларға костюмдерін тігіп бердім. Динара Кемелхан деген жас әнші «Қазақ елі» әнін орындап шығады. Төреғали Төреәлі бір жаңа арнау жазыпты, «құттықтау ретінде айтып берсем» дейді. Ол да –қазақтың талантты бір баласы. Осы жастарға аналық батамды берсем деймін. Әріптестерім арасынан Бүркіт пен Аиша, Шәкизада келеді. «Тарлан» тобының әншісі Айбек Мұхаметәлиев Мұқағали өлеңіне жазылған жаңа ән орындайды. Ержан Белғозиев – романстарды, «Поп-корн» тобы эстрадалық әндерді сүйемелдейді. Әріптестерімді көбірек қосар-ақ едім, бірақ олар шыға берсе, менің есеп беру концертім болмай қалады ғой. Оның үстіне, концертті тым ұзартып жібергім де келіп тұрған жоқ. Эфирден кетпей қалса, маған ренжулері де мүмкін. Міндетті түрде домбырамен де ән орындаймын. 31 арна түсіреді. 31 арна мен «Жұлдыздар отбасы» журналы соңғы кездері маған көп қолдау көрсетті. Оларға көп рахмет айтқым келеді.
– Мерейдің өзі ән айтып шықпай ма?
– Мерей екеуміз Естай Әлікеевтің «Ана мен бала» деген әнін орындап шығамыз. Бұл әнді де арнайы жаздырдық. Ел алдында бір рет қана орындалды. Мерейім, Аллаға шүкір, ақылды қыз болып өсіп келеді. Әкесінің 70 жылдығында халық алдында өте естияр сөз айтты. Қатты риза болдым. Концертте Фариза апамызға тағзым ретінде «Жыла, жүрек» деген әннің де тұсауы кесіледі. 10-15 жыл бұрын Фариза апаймен бірге бір кездесуден келген соң, кітабын парақтап отырып, оншақты өлеңге белгі салып қойдым. «Осы өлеңдерге ән жазылса, өзім орындаймын» деп жүрдім. Үйде поэзия кітаптарын жиі парақтап отырамын ғой. Бір жолы белгіленген өлеңдерді «Қазақконцерттің» дыбыс режиссері Хамитке көрсеттім де, «осыған ән жазатын біреу болса, маған дереу айтшы» деп өтініш жасадым. Жақында «Жыла, жүрекке» белгілі сазгер Қанат Ибрагимов ән жазыпты. Бірден ұнады. Сол әнді осы концертте бірінші рет орындаймын.
– Концерттеріңіздің Наурыз мерекесіне тұспа-тұс келіп тұрғаны да жақсы екен.
– Игіліктің ерте-кеші жоқ қой. Негізі мен бұл концертті 11 қаңтарда, өзімнің туған күнімде өткізуге тиіс едім. Бірақ сол күйі қалып қойды. «Бір реті болар» деп жүрдім. Дәл осы күндерге келіп түскеніне Құдайға шүкір айтып отырмын. Бұл түркі жұртының, мұсылман қауымының үлкен тойы ғой. Сол тойға өзімше үлес қосатыныма да көңілім толқып жүр. Көктем кешігіп, біресе қар жауып, біресе суық қысып, алаңдатып еді. Ауа райына құлақ түрсем, 21 наурызда 21 градус жылы болады дейді. Соны да дәтке қуат етіп жүрмін.
– Әз-Наурызда еліңізге қандай тілек тілер едіңіз?
– Тек мейрамда ғана емес, әр күні елімізге амандық тілеп жүремін. Отанымыз, жеріміз аман болса екен. Наурыз – үлкен мереке. Жер-Ана жасарып, жаңарып, гүлдеп, ерекше құбылады. Адамдар да бір-біріне кешіріммен қарап, өкпесін ұмытып, келер жылға ынтымақпен, сыйластықпен аяқ басады. Қазақстан Наурызбен бірге жайнай берсін! Жақсы жаңалықтар көп болсын!
– Айтқаныңыз келсін!

Сұхбаттасқан Есей Жеңісұлы
http://www.aikyn.kz/articles/view/45248