Қазақстан режиссері Ермек Тұрсынов жаңа киножобаны қолға алмақ. Tengrinews.kz ақпараттық сайтының хабарлауынша, режиссер «Как получилось? Или форс-мажор по-казахски» деген картинаны түсіреді.
Фильмнің сценариі жазылып қойылған, енді актерлерге іріктеу жүргізілмек. Кинотуынды ақылды, жанды және мейірімді юмордан тұрады деп айтылып отыр.
Жобаға Қанат Төребай продюсерлік етпек.
Дереккөз: Tengrinews.kz